» » Жұлдызды қала аумағының тазалығы туралы

Жұлдызды қала аумағының тазалығы туралы


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен "Ғарыш-инфрақұрылым" КММ-нің әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында мәжіліс залында қазақстандық және ресейлік тараптардың мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс отырысы болып өтті.

Мәжіліске Қызылорда облысы әкімдігінің, Байқоңыр қаласы прокуратурасының, Қызылорда облысы экология департаментінің, қала әкімшілігінің және "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе Байқоңыр қаласының аумағындағы құрылыс қалдықтарын жинау бойынша жұмыстарды орындаудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру туралы баяндама жасалды.

Жандос Еркінбекұлы өз сөзінде: "Ең бірінші міндет - біз халықтың игілігі үшін жұмыс жасауымыз керек. Ал ол үшін қоршаған ортаның тазалығы бірінші орында болуы шарт. Қос тарап барлық мүмкіндіктерді қарастыратын болады"-деді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе Байқоңыр қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына байланысты баяндама бойынша аудан басшысы өз ұсыныстарын айта отырып, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округтеріне полигонның зиянды әсері тиіп отырғандығын айтып, жыл соңына дейін нақты шешімге келу бойынша өз ойын жеткізді.

Мұнымен қоса, Байқоңыр аумағында Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша экологиялық талаптарға сәйкес жұмыстарды тараптардың бірлесе отырып атқаруының маңыздылығын атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

14 қараша 2023 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 298

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 396

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930