» » Байқоңыр ғарыш қызметінің онкологияға әсерін зерттейтін комиссия жұмыс істейді

Байқоңыр ғарыш қызметінің онкологияға әсерін зерттейтін комиссия жұмыс істейді

Үш айдан бері Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсерін зерттеу мақсатында комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменованың қатысуымен аталған комиссияның көшпелі отырысы өтті. Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсерін зерттейтін комиссия үш ай бұрын Мәжіліс депутаттарының бастамасымен құрылған.
Комиссия Жол картасын бекітті, осы Жол картасын іске асыру үшін ағымдағы жылғы 23-27 мамыр аралығында мүдделі мемлекеттік органдар су, топырақ және ауа сынамаларын алды. Жиында Зүлфия Сүлейменова аталған өңірдегі жағдайды дұрыс бағалау және Байқоңыр ғарыш айлағы жұмысының қатерлі ісіктердің дамуына әсерін анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына техникалық тапсырма жобасын әзірленбек.
24 маусым 2022 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 055
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 721

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031