» » Сапалы білім – ұлт діңгегі

Сапалы білім – ұлт діңгегі

qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деп баса айтқан болатын. Осы ретте аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы аудан орталығындағы бірнеше білім ошағы мен балабақшаны аралады.
Алдымен аудан басшысы кенттегі мектептердің кіре берісіндегі турникеттің қауіпсіздігін тексерді. Себебі еліміздегі мектептерде оқушылар арасындағы жанжал, қару алып кіру, бөтен адамның рұқсатсыз кіруі секілді жағдайлар жиілеп кеткен. Осыған сәйкес барлық жерде қауіпсіздік шарасы бірінші орынға қойылуда. Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектептің базасындағы интернаттың жұмысын көрген аудан әкімі әрбір оқушыға жасалған жағдайдың жайлылығын тексерді. Одан кейін №121, №27 мектеп және №1 «Аққайың» санаториялық, №3 «Ертөстік», №21 «Тоғжан» бөбекжай-бақшаларының қысқы жылу беру қазандығының жұмысын көрді. Білім ошақтарының ішкі жұмыстарымен танысып, оқушылармен пікірлесті. Мұнан соң Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің базасындағы соңғы үлгіде жасалған кабинеттерді аралап, оқушылармен өтетін үйірмелердің жұмысына оң бағасын берді.
«Ел болашағының жарқын болуы білімді, жан-жақты тәрбие алған ұрпақтың қолында. Келер келешегіміздің келісті келбетін қалыптастыру олардың сапалы білім алуларына байланысты. Бәсекеге қабілетті өскелең буынды тәрбиелеу жолында әрбір мұғалім жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасын сапалы іске асыруы тиіс. Себебі сапалы білім ұлт діңгегі болып саналады» деді Жандос Еркінбекұлы білім беру саласы басшыларына.
Ерсін ӘЛІБАЙ
13 қараша 2023 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031