» » Жаңа тәсіл, заманауи әдіс

Жаңа тәсіл, заманауи әдіс

qarmaqshy-tany.kz Заманауи білім беру жүйесіндегі өзгерістер педагогтың біліктілік және кәсіби деңгейінің яғни кәсіби құзыреттілігінің дамуын қажет етеді. Еркін ойлайтын, өз жұмысының нәтижесін болжап, білім беру үдерісін алдын ала жасай алатын педагог заман талабына сай мақсатына жете алады.
Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі, ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді. Оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып, интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларын сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Қоғамдағы сауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жанжақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін сауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі. Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады. Ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отансүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарында жаңа технологиямен оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар жан-жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, көрнекілік және даралық.
Дене шынықтыру және эстетика пәндерінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты.
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсына отырып, мектебімізде өткізілген «Дене шынықтыру және эстетика пәндеріндегі сабақ өткізудің заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбындағы мектепішілік семинардың жүргізілу барысын айтып өтсем. Жалпы семинар мақсаты – дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер сабағында заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық шеберлігін арттыру үшін оқушыларды шығармашылыққа, салауатты өмір сүруге, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге баулу, жаңартылған білім мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдерін және деңгейлік тапсырмалардың тиімділігін оқытуда жаңартылған білім мазмұнының мүмкіндіктерін оқыту мен оқу үрдісінде алған білімдерін өмірде қолдана білетін, сыни көзқарасы қалыптасқан, өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру болатын. Оның барысында жоғарыда айтылған талаптарға сай пән мұғалімдері жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, бірнеше ашық сабақ, сыныптан тыс жұмыстар көрсетті. Атап айтсақ, Б.Дәріқұлов «Спортты сүйсең жасыңнан, бақыттысың жас ұлан» тақырыбында 6 сыныптар арасында эстафеталық сайыс, Д.Бибітбаев «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері» тақырыбында 10 сыныпқа ашық сабақ, К.Мырзалиев «Футбол ойыны. Допты алып жүруді жетілдіру» тақырыбында 9 сыныпқа ашық сабақ өткізсе, Н.Қасымов «Бейнелеу. Бояулар құпиясы» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс, Г.Жетесова «Иллюстрация дегеніміз не? Композициядағы қарама-қарсылық» (контраст) тақырыбында ашық сабақ, А.Жақыпова «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында қыздар арасында сыныпаралық сайыс, Т.Сәрсенбаев «Қозғалмалы ойындар. Доппен ойналатын ойындар» тақырыбындағы іс-шаралар өз мәнінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар Ғ.Әбілда, А.Орынбасаров, Ж.Төлегенова, С.Ерішовтердің сабақтары жоғары бағаға ие болды. Жүргізілген жұмыстар өз деңгейінде өтіп, қатысқан мұғалімдер тәжірибе алмасып, өз ризашылықтарын білдірді.
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары. Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу – дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.
Мұрат АЙЖАРЫҚОВ,
№85 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
13 қараша 2023 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 299

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 397

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930