» » Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан етеді

Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан етеді



     Өмір... Бұл сөзді біз қаншалықты түсінеміз, қаншалықты бағалаймыз? Осы сұрақтарға бір сәт ой тоқтатып көрдік пе? Сан сұрақ қойылады, жауабы да оның сан алуан болуы ғажап емес. Дегенмен, осы тірлікте адам болып дүние есігін ашқан соң, адам болып өмір сүруіміз керек.              
    Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін,  ал алып ұшып тұрған жастар қорықпайды.  Оларға нашақор өлім- жалған дүниемен бірдей.
     Қазір ғылым мен техника күн санап өзгеріп, сағаттап түрленіп жатыр. Осы көштен қалмау үшін білімнің биігінде болып, бойымызды таза ұстауымыз қажет. Десек те кей жастарымыз өз өміріне, денсаулығына балта шабуға құштар-ақ келеді. Кереметтей балалық шағында өзін зиянкесті әдеттерге үйретіп, болашағын бұлыңғыр еткен жастарға "Ойлан!" дегім келеді. Сені анаң не үшін мәпелеп өсірді, әкең не үшін қаражат тауып, бар қажетіңді тауып берді? Сол ата-анаңның аялап,  мәпелеп өсірген еңбегін өтеуінің жемісі - сенің жақсы оқу орнына түсіп, салауатты өмір салтын ұстанып, жетістікке жеткенің.
     Болашағың бақытқа оранып, арманың асқақ болсын десең – зиянкесті заттардан аулақ болып, достарыңа да талап қоя біл! Бұл сенің өз денсаулығыңа, досыңа деген адал ниетің  деп түсін? Мен саған сенемін, жас Дос!
     «Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық».
Кәусар ТӨЛЕГЕН,
Т.Көмекбаев атындағы №250
мектеп лицейінің 7 «Г» сынып оқушысы

06 қараша 2023 ж. 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031