» » Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға "Есірткісіз өмір ғажайып!"

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға "Есірткісіз өмір ғажайып!"

qarmaqshy-tany.kz  Есірткі - қазіргі қоғамның ауқымды мәселесі болып отырғаны ащы болса да шындық. Ол  адам денсаулығына орасан зор зиян келтіріп, тіпті, өлімге дейін апаратын бірден-бір қауіпті құрал болып табылады. Бір өкініштісі, есірткіге елтігендер арасында жасөспірімдердің көбеюі. Иә, есірткіге тәуелділік етек алған мына заманда мына біздің, яғни, жасөспірімдердің жаны мен тәні қатар уланып, болашақтарына балта шабылады ма деп қорқасың...
Негізінен алғанда, адам есірткіні 3 жағдайда қолданып бастайды. Алғашқысы, күйбең тірліктен шаршап, күйзеліске түскенде қиыншылықтан арылу үшін. Екінші, қоршаған ортасына еліктеп немесе жолдастарының күштеуімен. Және соңғысы, әкенің байлығына мастанып даңқ үшін татып көретіндер. Әсіресе, жасөспірімдер арасында есірткіге еліту қоршаған ортаға еліктеуден басталады. Осылайша, бір-біріне ұсына отырып, тұңғиыққа бірге тартып кететіні қынжылтады. Дегенмен, қай-қайсысы болса да есірткіні алғашқы қабылдағаннан-ақ ағза үйреніп, күнделікті соны талап етіп отыратынын біліп тұрып қадам жасайды. Ал, сол жасаған қадамы лезде-ақ нашақор атандырып, өмірінің соңына дейін ілесіп, ақыр-аяғында құрдымға кетіреді. Және ең сорақысы, есірткіні қабылдаған адам тек өз денсаулығын ғана құртпай, қоғамға да зиянын тигізеді. Елімізде болып жатқан ұрлық-қарлық, кісі өлімі, зорлық-зомбылықтың 80%-ы есірткі қабылдағандардың ісі екені дәлелденген.
Ал, енді, осы нашақорлықпен күрес- әлеуметтік және медициналық мәселе екенін айтып өткен жөн. Нашақорлықтан құтылғысы келетіндер үшін біздің қоғамымызда жасырын сауықтыру орталықтары бар. Нашақорлық–еңбекке жарамсыздықтың, апаттар мен жарақаттардың бірден бір себепшісі, адамның рухани күйреуі, ерік-күшінің жоғалуы. Сол белгілерден өскелең ұрпақты қорғау үшін сіз болып, біз болып ат салысуымыз қажет. Себебі, ұрпағымыздың болашағы - ұлт болашағы! Ұлтымыз ұрпағымен мәуелі.
Мен есірткісіз өмірді таңдаймын. Және сізге де есірткісіз өмірдің ғажайып екенін айтқым келеді, жас ұрпақ!
Өтебай Дилназ Ғалымжанқызы
Қармақшы ауданы, N79 негізгі мектебі
04 қараша 2022 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728