» » Елге кеусен үлестірілді

Елге кеусен үлестірілді

АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСТАМАСЫНА ОРАЙ «ҚАРМАҚШЫ АТА» МЕШІТІНДЕ КЕНТТЕГІ 100 ОТБАСЫҒА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ДЕМЕУШІЛІГІМЕН КЕУСЕН СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ.

Игі іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов аудан басшысының бастамасына өз үлестерін қосқан барша ауыл инвесторларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ауданның бас имамы Рахат Серікбайұлы қайырымдылық жайлы айта келе, Құранда кеусен дәстүрі діндегі «Ұшыр» зекетімен сәйкес келетінін жеткізді. Кеусен – егіннен мол өнім алған ауыл шаруаларының елдегі ағайынға өзінен артылғанын бөліп беру мырзалығы, егінді серік еткен диқан қауымының дәстүрлі салты. Ал ұшыр – араптың «ғушр» сөзінен шыққан, яғни егін өнімі жаңбыр суымен шықса оннан бірін, қолмен суарса жиырмадан бірін мұқтаж жандарға таратылуы тиіс.
«Қт» ақпарат
06 қараша 2023 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 118
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031