» » Қайырымдылық жақсылық шақырады

Қайырымдылық жақсылық шақырады

qarmaqshy-tany.kz Қайырымдылық – адам бойындағы асыл қасиетінің бірі саналады. Өйткені көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек көрінісі осы қасиет арқылы байқалады. Мұқтаж жандарға жақсылық жасау – бұл адам баласының ең ізгі амалы. Сондықтан жақсылыққа жаны құмар жандар өмірдегі бақытты адамдар екені анық. Қазақта «Кең болсаң, кем болмайсың» деген нақыл бар. Мұның астарына үңілсеңіз, адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзейді. Яғни «Атымтай Жомарт» атанып, мұқтаж жандарға көмектесіп, кең болғанда, төрт құбыла тең болады деген сөз.

Алла тағала Құран Кәрімде: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайырсадақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» деген. Демек, жақсылыққа жаны құмар жандар толассыз қайырымының қайырын көретіні анық.
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында республика көлемінде «Мектепке жол» акциясы өтеді. Мұндағы мақсат аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептермен мектепке бара алмай қалған балаларға көмек көрсету. Яғни, «бар жақсылық балаларға» деп, олардың сапалы білім, тағлымды тәрбие алуына ел болып атсалысып, мүмкіндік жасау. Осы жолда жомарт, қайырымды адамдар қолдарынан келгенше көмек көрсетіп, игі іске жұмыла атсалысу қажет.
Биылғы жылы ұйымдастырылып отырған республикалық акция «Жақсылық жасайық!» ұранымен өтуде. Осының барысында көмекке мұқтаж балаларды оқуға қажетті құралдармен, киімкешекпен қамтамасыз етуде еш аянып қалмау керек. Өйткені бала қуанса – ол қуаныштың төресі. Сол себепті, жақсы жандар игілікті іске бір кісідей жұмылып, қайырымды іске жанашыр болғанда ел тізгінін ұстар балалардың болашағы баянды болары сөзсіз. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» делінген емес пе?!
Гүлбану АҒАЙДАРОВА,
№85 мектептің әлеуметтік педагогі
26 қазан 2023 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 266

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930