» » Мақсат – тұрғындар тілегіне құлақ түру

Мақсат – тұрғындар тілегіне құлақ түру

qarmaqshy-tany.kz Жуырда аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Шолпан Дәуленбаева депутаттық мандатын алғаннан бастап қазірге дейін атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өткізді.

2021-2025 жылдарға арналған ауданның даму бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Бағдарламаның басым бағыттары – аймақ экономикасының өсімі мен азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, өмір сүруге жайлы және қауіпсіз аймақ құруға бағытталған. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін ескере отырып, депутаттар білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға күш салуда.
Қарап отырсақ, өзі өмір сүріп отырған ортадан депутат болып сайланғаннан кейін, сол өңірдің тыныс-тіршілігімен етене танысып, хабардар болу, шешімін таппаған мәселелерді халықпен ақылдаса, бірлесе отырып талқылап, соны жоғары жаққа жеткізу – әрбір депутаттың басты мақсаты саналады.
Шолпан Дәуленбаева халық қалаулысы ретінде «AMANAT» партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттық мандатына ие болған соң партияның қабылдауларында халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, хал-қадірінше көмектесіп келе жатқан жайы бар.
– Алғашқы күннен-ақ партиядан депутат болып сайлану – артықшылық емес, үлкен жауапкершілік деп ұғындым. Алда ауқымды міндеттер тұрғанын санаға сіңіріп, бұл міндеттерді орындауда халқымыздың болашағының жарқын болуына, лайықты өмір сүруіне атсалыстық деген ойдамын. Енді міне, аудандық мәслихаттың VIIІ шақырылымындағы депутаттық қызметіме кіріскен уақыт ішінде сайлаушыларымның мәселелерін көтеруде өз үлесімді қоса отырып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдай келе, тиісінше бірқатар депутаттық сауал жолдадым. Соның кейбіріне тоқталар болсам, барлық деңгейдегі депуттардың негізі міндеті – халық сенімінен шығу. Жалпы депутаттық мандат әрбірімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Ол үшін біздің бойымызда әділдік, іскерлік, адамгершілік, қарапайымдылық қасиеттер болу керек. Кезекті депутаттық сауалымды аудан әкімі Жандос Еркінбекұлына жолдаған болатынмын. Онда Төретам кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Құлтаба Накиевтің ұсынысы бойынша кенттің арғы бетіндегі Т.Мұсабаев көшесінде жарық шамдарының жоқтығы жөнінде айтылған еді. Осы сауалдың нәтижесімен аталған көшеге жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар білім саласына қатысты сенатор Руслан Рүстемұлына «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 Қаулысының 2-тарау Мемлекеттік стипендияны тағайындау тәртібіне «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар (инклюзивті) студенттерге «қанағаттанарлық» баға алған жағдайда стипендия тағайындау туралы» пунктін қосып, толықтыру енгізуді ұсыныс ретінде депутаттық хат жолдаған едім. Бұл мәселені дер кезінде көтеріп, ҚР Оқу-Ағарту министрлігіне ұсынысымды қарауды сұрап хат жолдап, өз үлесін қоса білуінің арқасында депутаттық хатыма ҚР Оқу-Ағарту Вицеминистрі Е.Оспаннан «Колледждердегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар студенттерге стипендияны үлгеріміне қарамастан тағайындау бойынша ұсыныс жан-жақты талқыланып, (қосымша қаражат қарастыру, тиісті қоғамдық ұйымдармен келісу) Қаулыға тиісті өзгерістер енгізу қарастырылатын болады» деген жауап келген болатын, – дейді ол.

Депутат – бұқара мен билік арасындағы алтын көпір десек артық емес. – Халықтың қалаулысы болғасын қоғамдық қабылдаулар өткіземіз. Қабылдауға келген тұрғындар көбінесе денсаулық, тұрғын үй мәселесін жиі қозғайды. Сонымен қатар жеке басына жұмыс сұрап келетіндер, көпбалалы аналар да өз мұқтаждықтарымен келіп жатады. Бұлардың бәрінің мәселелерінің шешімін табуға күш саламыз және қолдан келген көмегімізді беруден аянып қалмаймыз. Десе де осы кезге дейін «AMANAT» партиясының атынан сайланған өңір депутаты ретінде халықтың игілігі жолында жұмыс жасап, қоғамдық қабылдауларда халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, шешімін таппаған мәселелеріне хал қадірімізше көмектесе білдік. «Халық – құдайдың бір аты» демекші, әрбір ісімізге халық өз бағасын беретіні анық. Дегенмен де халық сайлағаннан кейін олардың сөзін тыңдап, жанайқайына құлақ түру – міндетім деп санап, соған сай қарекет еттім деп ойлаймын, — дейді депутат Шолпан Дәуленбаева.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
16 қазан 2023 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 307

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930