» » Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі

Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі


Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Президент Жолдауын асыға күттік. Тағатсыздана күтуіміздің себебі жоқ емес. Еліміз үшін маңызды мәселелер мен жағымды жаңалық айтылар деп өзгеріс пен серпіліс күтетініміз де жасырын емес. Жолдауда маңызды көп дүние айтылды. Алдымен экономиканы дамытуда жаңаша даму үлгісіне көшуіміз керектігін алға тартты. Өнеркәсіпті дамыту, ауыл шаруашылығына басымдық беруді қадап айтты. Оның ішінде өңдеу экономикасын дамыту, агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасап, Еуразиядағы басты аграрлы елге айналу, ол үшін өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшіп, алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу нақты міндет екені айтылды. Ет, сүт, астықты терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты болашағы зор бағыттарға басымдық берілді.

Мемлекет басшысы биыл халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға көп көңіл бөлінетінін айтқанда қуандық. Жолдаудың негізгі бағыты азаматтардың мүддесі мен сұранысынан туындағаны белгілі. Адамның қажеттілігі дегеніміз, алаңсыз балалық шақ, әр баланың сапалы білім алуына жағдай туғызу, сапалы мамандар даярлауды, сондай-ақ еңбек адамының қауіпсіздігі, ауыр өндіріс орындарындағы қызметкерлерді қолдау және ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселелерін басты назарда ұсталатыны айтылды. Барлық саланың өзекті мәселелері расымен жетілдіруді қажет ететінін көрсетті. Жолдауда айтылған тапсырмалар орындалса, еліміздің экономикасы айтарлықтай алға жылжитыны анық. Сондықтан осы Жолдауды насихаттауға, халыққа түсіндіруге, осы бағытта жұмыс жүргізуге бәріміз атсалысуымыз қажет деп ойлаймын.

Гүлжауһар РАЕВА,
аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы
05 қыркүйек 2023 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930