Жол-көлік оқиғасының алдын алу
Сурет ашық дереккөзден
qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы көлемінде ағымдағы жылдың 6 айында барлығы 12 дерегі тіркелген. Оның ішінде 8 адам қайтыс болып, 16 адам түрлі дене жарақатын алған. (2022 жылы 6 айда – 8 ЖКО, 4 қайтыс болып, 10 адам жарақат алған.)
Орын алған жол көлік оқиғаларының 2 дерегі Жосалы кентінде, 5 дерегі Шымкент-Самара транзиттік тас жолында, 5 дерегі ішкі жолда орын алып отыр.
Осыған орай, аудан көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының 19-21 шілде күндері аралығында қысқа мерзімді «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілді. Іс шара барысында барлығы 27 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңды шешімдер қабылданды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 9-бөлімімен -3 /міндетті техникалық байқаудан өтпегені үшін/, ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабымен -3 /маневр жасау ережесін бұзғаны үшін/, ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабының 2-бөлігімен -3 /міңдетті сақтандыру полисі алмаған күйде басқарғаны үшін/, ҚР ӘҚБтК-нің 602 бабының 1-бөлігімен -5 /күндізгі жарық шамын жакпағаны үшін/, ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2-бөлігімен -3 /қауіпсіздік белдігін такпағаны үшін/, ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1-бөлігімен -2 /алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарғаны үшін/, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2-бөлігімен -4 /басқаруға құкығы жок күйде автокөлік басқарғаны үшін/, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 1-бөлігімен -3 /өзімен бірге құжатсыз автокөлік басқарғаны үшін/, ҚР ӘҚБтК-нің 601 бабының 1-бөлігімен -1 /жол талап белгілерін орындамағаны үшін/ хаттамалар рәсімделіп, сонымен қатар, жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мерзімі бітпей қайтадан автокөлікті масаң күйінде басқарғаны анықталып, ҚР ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен іс қозғалып, ҰҮИ-на қамалды. Сондай-ақ, іс шара барысында бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ.
Қазіргі таңда, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық маңызы бар транзиттік дәлізіндегі автомобиль жолымен көлік құралдарының қарқындылығы өсім алып, қозғалыс жылдамдығы артуда.
Осы ретте, аталған автомобиль жолының бойында елді-мекен тұстарында арнайы мал айдау өтпелері жол белгілерімен қоса орналасуына қарамастан, көлік құралдарының үй жануарларына соғудың ағымдағы жыл басынан бері 11 дерегі (түйелерге, жылқыларға, сиырларға) орын алып отыр.
Аудан көлемінде жол қауіпсізідігін сақтауда және жол көлік оқиғасының алдын алуда тоқсан сайын «Құқықтық тәртіп», «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы», «Рульде ұйықтау» акциясы және де әрбір оқу орындарында оқушылар арасында «Абайлаңыз балалар!», «Жол ережесін сақтайық!» атты іс-шаралар өткізілді.
Әрбір учаскелік полиция инспекторлары мен жол патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен өздеріне бекітілген аймақтарында орналасқан вокзал, автовокзал, саябақ, сонымен қатар, халық көп шоғырланатын жерлерде т.б. көрнекті жерлерге құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жадынамалар ілініп, ескертпе хаттар таратылды.
Патрульдік полиция тобы қызметкерлері жастар ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, жылдамдық режимін шектеуді насихаттап кент орталығындағы темір жол өткелінің маңы, теміржол вокзалының маңы және кент орталығындағы көшелерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудан көлемінде жол көлік оқиғасының алдын алу, болдырмау, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында атқарылатын жұмыстарды қатаң бақылауға алынып, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында қажетті ұйымдастырушылық шаралары қабылдануда.
Автомобильдің әлемдегі ең қауіпті көлік екендігі бұған дейін де айтылып жүр. Өйткені жыл сайын әлемдегі қаншама адамдар көлік апатынан көз жұмады. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш әзірге азаймай тұр. Кейде тіпті бірнеше жылдық тәжірибесі бар көлік жүргізушісінің өзі мүлт кетіп, ақыры қайғылы оқиғамен аяқаталып жатады.
Сондықтан да, барлық автокөлік жүргізушілерді жолда мұқият болып, жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Қармақшы аудандық полиция бөлімінің
жергілікті полиция қызметі бөлімшесі