» » «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шара өтуде

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шара өтуде

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы көлемінде ағымдағы жылдың ақпан айының 20-24 күндері аралығында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған, оның ішінде: мас күйде көлік құралдарын басқару, жылдамдық режимі, басып озу, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстап тұратын құрылғыларды пайдалануға бағытталған «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өткізілуде.
«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді бұзғандарды анықтауға назар аударуда.
Сонымен қатар, іс-шараның алғашқы күнінде 20.02.2023 жылы сағат 13:01 шамасында Жосалы кенті, Балқы базар көшесі бойында «Хонда CR-V» автокөлігінің жүргізушісі «Д.З.» алкогольді масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен 2,4,2 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы рәсімделіп қазіргі уақытта Қармақшы аудандық сотына жолданды.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті жүргізушілер – жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, жол апатынан өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!

Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-сі

22 ақпан 2023 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031