Құрылтай
» » Жосалыда «Автобус» іс-шарасы аясында 19 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Жосалыда «Автобус» іс-шарасы аясында 19 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 05 - 15 желтоқсаны аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер қоғамдық көліктерде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.
«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанна бері қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 19 дерегі анықталды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 571 бабының 2 бөлігімен – 2 дерегі және 463 бабы (заңсыз тасымалдау) бойынша Салық комитеті қызметкерлерімен бірігіп жұмыс атқару нәтижесінде – 1 дерегі тіркеліп, аудандық сотқа жолданды.
Тәртіп сақшылары іс-шараның басты назары қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне бағытталғанын айтты. Осыған байланысты жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау шараларын күшейту қажет.
Сондай-ақ мас халде көлік басқарып, өзіңізбен қоса өзгенің де өмірін қатерге тікпеу керектігін ескертеді.

Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-сі

10 желтоқсан 2022 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 672
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31