» » Кененің шағуы қауіпті

Кененің шағуы қауіпті


Жазда серуендеу, саяхаттау, табиғатта болу кезінде кене шағу қауіпі артады. Кене адам денесінің ашық бөлігіне жабысып, анестетикалық затты енгізгендіктен мүлдем сезілмейді. Аш кене өте кішкентай – көкнәр тұқымының мөлшеріндей ғана болады.

Кене адамның денесінде 12 күнге дейін жабысып тұра алады және осы уақыт ішінде диаметрі 2 см болатын шардың мөлшеріне дейін өседі.
Кейбір жағдайларда кенелер энцефалит, кене сүзегі, кене боррелиозы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сияқты қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болып, аллергиялық реакциялар тудырады.

Егер кене шағып алса не істеу керек?

Ең дұрысы дереу дәрігердің медициналық көмегіне жүгіну керек.
Себебі, кенені толығымен өз бетінше алу мүмкін емес. Кененің басы жұлынып, жараның ішінде кене мұртшалары қалуы мүмкін.

Одан бөлек, ем-шара кезінде кенені ұсақтап алу қауіпі жоғары. Жәндіктердің уы денеге тері арқылы да еніп, ем-шараны жүргізушіге жұқтыру қаупі бар.

Дәрігер көмегіне жүгінбей, кенені өзіңіз алып тастасаңыз оның жұқтырғыштығын білу мүмкін болмайды!
Ауруды жұқтыру кененің қан сору кезінде болады. Яғни, теріден алынған кенелерде вирустардың бар-жоғын анықтау үшін бірінші кезекте зертханаға сараптамаға жіберу керек.
Егер кене шағып алғаннан кейін дене температурасының жоғарылауы, ауырсыну, қатты бас ауруы байқалса, дереу дәрігермен кеңесу керек. Өзін-өзі емдеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Егер дәрігерге қаралуға мүмкіндік болмаса, теріге жабысқан қауіпті жәндікке вазелин жағып немесе өсімдік майын құю керек. 5 минуттан кейін пинцет немесе жіп ілгегінің көмегімен кенені тартып аласыз. Бірақ дәрігерлер өте сақ болуға кеңес береді. Қан сорып жатқан кенені тұмсық астынан жіңішке жіппен байлап, асықпай, кене мұртшаларын толық шығарғанға дейін ақырын тарту қажет.

Егер кененің басы толық шықпай теріде қара дақ түрінде қалып қойса, бірден дәрігерге бару керек. Қауіпті жәндікті теріден алған соң, оның орнын йодпен немесе спиртпен зарарсыздандырған жөн. Сондай-ақ қолды мұқият жуып, оны йод немесе спиртпен сүрту керек. Өйткені кене қан сорған кезде оның жұқпалы вирустары денеде қалып қою мүмкін.

Жәндіктермен байланыста болудан қалай сақтануға болады?

Қауіпті жәндіктер шөптің, бұталардың, құлаған ағаштардың арасында болады. Сондықтан табиғат аясына демалуға шыққанда жабық аяқ киім киіңіз. Шалбардың балағын шұлықтың ішіне, ал жейде немесе футболканы шалбардың ішіне салыңыз. Баскиім киюді де ұмытпаңыз.

Кене адам терісіне жабысқан соң, жарты сағаттай шағатын жерді іздейді.

Дәрігерлердің айтуынша, кене көбіне бас, мойын, қолтық, тізенің астын шағады екен. Сондықтан бұл кеңесті жадыңызда ұстасаңыз, кененің шағуын алдын алу мүмкіндігіңіз болады.

Сонымен қатар қауіпті жәндіктерден қорғайтын кремдер мен спрейлерді пайдаланыңыз. Кене энцефалитіне қарсы екпе салуға да болады. Бұл вакцинация әдетте қыста жасалады.

26 шілде 2023 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930