» » Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз!

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз!

Тұрғындарға берілетін кеңес:– Аурудың табиғатқа шыққанда, мал бағу, сою, малды сауу, мал қырқымы, бақша егу, отын-шөп дайындау жағдайларында кене шағу, жабысу, кененің қанымен тікелей қатынаста болу арқылы жұғатындығын ескеру;– далалық жұмыстарда, мал шаруашылығында, саяжайда демалғанда кенеден сақтану үшін жабық, жеңі ұзын киім киіп, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салып, дененің ашық жерлерін толық жабу. Әрбір сағат сайын денеде кененің бар-жоқтығын қарап, тексеріп отыру;– далалық аймақтарға шыққанда кенені жуытпайтын үркіткіш заттарды (репелент) қолдану;– мал жүнін қырқу, мал сою кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтап, қолға резеңке қолғап кию;– кене шаққан жағдайда кенені жалаң қолмен ұстамау керек, оны қысқашпен қатты қыспай (кенені езіп алмас үшін), абайлап, ұқыпты (теңселтпей, жұлқыламай) тартып алып, орнын 5 проценттік йодтың спирттегі ерітіндісімен немесе 70 проценттік спиртпен сүрту қажет. Кене шаққан адам тез арада міндетті түрде медициналық мекемеге қаралып, тиісті медициналық көмек алуы тиіс. 14 күн бойы амбулаторлы түрде дәрігердің бақылауында болып, аурудың белгілері (әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бұлшық еттердің ауруы) байқалған уақытта міндетті түрде дереу дәрігерге қаралу;– мал басын кенеге қарсы өңдеуден өткізу, кенелердің жұмыртқалайтын орындары мал қораларын қидан, көңнен тазалау, қатты тұрмыстық күл-қоқыстарды арнайы полигондарға шығару қажет.
Кене шаққанда немесе кенемен жанаста болу арқылы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, өзіңізді және өз жанұяңызды қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау және сақтану құралдарын пайдаланыңыз.




14 шілде 2022 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031