» » Қазақстанда жастарды қолдауға бағытталған қандай бағдарламалар бар?

Қазақстанда жастарды қолдауға бағытталған қандай бағдарламалар бар?

Қазақстанда жастарды қолдау маңызын жоғалтпаған мәселелер қатарында тұр. Бүгінде халықтың 59%-ы жастар санатындағы азаматтар. Осы ретте жастарды жұмыспен қамту және кәсіп ашуда қолдау өзекті болып отыр. Осы мақсатта Қазақстанда жобалар мен бағдарламалар іске қосылып үлгерген, алайда бұл туралы көбі біле бермейді. Stan.kz жастарға арналған мүмкіндіктерді іздестіріп, шолу жасап көрді.қолдау

"Серпін – 2050" оқыту бағдарламасы

Жоғары оқу орнын немесе арнайы білім мекемесін тәмамдамаған азаматтар "Серпін – 2050" бағдарламасы негізінде білім беру, техникалық немесе ауыл шаруашылық ғылымдарын игере алады. Бағдарлама қатысушысы өз қалауына қарай үш бағыттың біреуін таңдайды. Дегенмен білім беру мерзімі аяқталған соң қатысушы солтүстік өңірде қалып, жұмыс істеуі керек.

"Серпін – 2050" бағдарламасымен оқыған азаматқа жатақхана ұсылынып, стипендиямен қамтылады. Білім алуға ниетті азаматтар жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжат пен аттестатын ұсынуы керек.

"Баршаға арналған техникалық-кәсіптік білім" бағдарламасы

Бұл бағдарлама техникалық және кәсіптік білімі бар азаматтарды даярлауға арналған. Сонымен қатар жастар алғашқы мамандығын да игере алады. Ол 9 және 11-сыныпты аяқтаған жастар үшін қолжетімді болып отыр. Ал білім алу мерзімі мамандық пен кәсіптердің деңгейі бойынша айқындалып, мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Мұнымен қоса бағдарлама қатысушысы бір реттік ыстық тамақпен қамтылып, стипендия төленеді. Ал оқу орнына дейінгі жол ақысы мемлекет тарапынан төленбек.

Бағдарламаға өтініш берген соң жеке басын куәландыратын құжатты, аттестат, куәлік немесе диплом мен 086-У нысанындағы анықтама өткізуі қажет.

NEET жастардың жұмысқа орналасуына ықпалдасу

Жастар саясатындағы негізгі бағдарламалардың бірі NEET жастарды қолдау болып отыр. NEET – еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын азаматтардың санаты. Аталмыш бағдарламаға 35 жасқа дейінгі кез келген азамат оқуын аяқтаған соң үш жылдың ішінде қатыса алады. 2022 жылы бағдарламаға қатысу мерзімі 6 айдан 12 айға дейін ұзартылған.

"Алғашқы жұмыс орны"

Сонымен қатар жоғарғы оқу орнын аяқтаған жастар үшін "Алғашқы жұмыс орны" бағдарламасы бар. Жастар саясаты аясында жүзеге асырылатын бұл бағдарлама NEET санатындағы, 29 жастан асқан жастарға, жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтарға арналған.

"Алғашқы жұмыс орны" аясында өтініш білдірген азаматтар дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа сай 24 айға жұмысқа орналаса алады. Ал жалақыны жұмыспен қамту орталығы 1 жыл көлемінде субсидиялайды.

Субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішке тең. Жобаға қатысу үшін тұрғылықты мекенжайындағы жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып, жеке басын куәландыратын және білімі туралы құжат ұсынуы керек.

"Ұрпақтар келісімі"

Бұл жобаға қатысушы 18 айға тұрақты жұмыспен қамтылады. Алдымен жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім жасайды. Ал 6 айлық жалақыны жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды.

"Ұрпақтар келісімі" жобасына қатысқысы келетін азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш беруі керек. Сонымен қатар жеке куәлігі, білімі туралы құжаты мен еңбек кітапшасын (бар болса) қоса ұсынуы қажет.

"Zhas Project” жобасы

Бұл жоба аясында жастар өз идеясын жүзеге асырып қана қоймай, грант жеңіп, менторлық қолдау алады. 2022 жылғы пилоттық жоба барысында Алматы, Қарағанды, Маңғыстау мен Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстарында 250 жоба жүзеге асты.

"Жас кәсіпкер"

Жоғары білім алып қана қоймай, жеке кәсібін ашқысы келетін жастар үшін де бірнеше жоба қарастырылған. Мәселен, "Жас кәсіпкер" аясында қатысушылар 25 күн арнайы оқудан өтеді. Оқу мерзімі аяқталған соң сертификатпен марапатталады.

"Жас кәсіпкер" жобасына 18-29 жас аралығындағы тұрақты жұмысы мен табысы жоқ жастар, жас отбасы мүшелері мен аз қамтылған көпбалалы отбасылар, еңбекке қабілеті шектеулі жандар қатыса алады. Өтініш беру үшін жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжат ұсыну қажет.

"Бастау бизнес" жобасы

Жастардың кәсіп ашуына жол сілтейтін бағдарламалардың бірі – "Бастау Бизнес". Жоба негізінде азаматтар кәсіпкерлік негіздері, ауыл шаруашылығы саласында бизнес ашу қағидаларын меңгереді. Бұдан бөлек кәсібі бар азаматтарға да "Бастау Бизнес" аясында қолдау көрсетіледі.

Дегенмен жоба қатысушыларына қатысты бірнеше шектеу бар. "Бастау Бизнеске" жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, ерекше қажеттілігі бар жандар, тіркелген мерзімі 3 жылдан аспаған кәсіпкерлер өтініш бере алады. Егер өтініш мақұлданса, қатысушыға грант немесе микрокредит түрінде бастапқы капитал беріледі. Ал бизнес тренері қатысушыға кәсібі арқылы алғашқы пайдасын алғанша қолдау білдіреді.

"Бизнес Бастау" жобасына жұмыспен қамту орталығы арқылы өтініш береді. Ал толық ақпаратты "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алуға болады.

Айта кетейік, Қазақстанда 1999 жылы қабылданған Мемлекеттік жастар саясатының концепциясы және 2004 жылғы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты туралы" заң негізінде жастар саясаты жүзеге асырылып келеді.

Аталмыш саясат "Қазақстан – 2050" стратегиясының маңызды бөліктерінің бірі болып отыр. Ал жүзеге асырылатын бағдарламалар жастардың білім саласындағы әлеуметтік құқығын қамтамасыз ету, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулығын сақтау, шығармашылықты дамыту сынды бағыттарды қамтиды.

stan.kz
26 маусым 2023 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031