» » Жаңа мүмкіндіктер алаңы

Жаңа мүмкіндіктер алаңы

Тағы бір оқу жылын артқа тастап, жаңа оқу жылын қарсы алуға аз қалды. Мектеп бітіруші түлектер сынақтан сүрінбей өтіп, бүгінде жоғары оқу орына қадам басқалы тұр. Биыл ең көп грант техникалық және педагогикалық ғылымдарға беріліп отыр. Бөлінген гранттардың жалпы саны – 50 985. Дегенмен мұнан бөлек грантқа түсе алмаған түлектерге 3000 грант қайта бөлінеді. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова Елордада өткен брифинг барысында, техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтарына қосымша 3000 грант бөлінетінін хабарлады. 
  • Кейбір мамандыққа өтініш берушілер болған жоқ, яғни бұл гранттар игерілмей қалды. Аталған грант үкіметтің қаулысында бөлек сипатта көрсетілген. Біз оларды ережелерге сәйкес бере алмадық. Сондықтан олар үкіметтің қаулысын өзгерткеннен кейін грантсыз қалған түлектер арасында бөлінеді», – деді білім және ғылым вице-министрі.
 Мемлекет білім алуға толыққанды жағдай жасап отыр. Айталық, осыдан 5 жыл бұрын жүзеге асқан «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бүгінде елдегі белді бастамалардың біріне айналды. Жоба – жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс табуына берілген үлкен мүмкіндік. Жыл сайын жобаға деген халықтың қызығушылығы артып келеді. Бұл «Серпін-2050» жобасы қанатын кеңге жайды деген сөз.
«Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл 5109 орын бөлінген. Әлеуметтік бастама аясында елімізде тапшы мамандарды даярлау көзделген. Бағдарлама аясында оңтүстік жастары шығыс пен солтүстіктен білім алып, аймақтағы халық саны мен экономикасын көтеруге өз үлестерін қосады. Ең бастысы, ана тілін ұмытқан жандарды қазақыландыруға атсалыспақ. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша грант иегері шәкіртақы, өңірге бір рет барып қайту жолақысы және жатақханамен, жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Ал, колледжге түскендерге 3 мезгіл тамақ және оқу киімі қарастырылған.

«Серпін» бағдарламасы бойынша грантқа түскен жанның бірі  – Нұржан Шөрегеев. Ол бұл жобаның жастарға берілген үлкен мүмкіндік екенін алға тартады.
– ҰБТ сынағы аяқталып, жинаған балымызға қарай оқу орнын таңдар кезде мектеп мұғалімдерінің көп көмегі тиді. Олар маған «Серпін» бағдарламасын ұсынып, басқа өңірде білім алуыма жол көрсетті. Міне, осы бағдарламамен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінде «Агрономия» мамандығына грантқа түсіп, білім алудамын. Бұл бағдарлама бізге берілген ыңғайлы бастама. Мәселен, сырттан келген студенттерді өз қамқорлығына алады. Ауылға қайтарда жолақымызды өтейді. Сондай-ақ, жатақханаға орналасу да еш кедергісіз. Бастысы оқу бітірген соң жұмысқа орналасуға ықпал етеді, дейді – Нұржан Асылбекұлы.
ТҮЙІН.
Тегін оқу. Шәкіртақы. Жолақы. Жатақханамен қамтамасыз ету. Тұрақты жұмысқа жолдама. Бұл мүмкіндіктерді ұсынатын бірден бір жоба – «Серпін-2050» бағдарламасы. Биыл еліміздегі ең іргелі әлеуметтік жобаның біріне айналған «Серпін – 2050» бағдарламасының қанатын кеңге жайғанына 5 жыл. Бұқараға қолайлы, жастарға жаңа мүмкіндік ашқан бастама жоғары білім алудың көпке қолжетімді тетігіне айналуда.
Ақнұр САҒЫНТАЙ





13 тамыз 2019 ж. 1 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031