Қырағы қызмет қаһарманы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция мәртебесін арттыру үшін көптеген тың өзгерістерді қолға алуда.Ммәселен, өткен жолдауында «жұртқа жақын полиция» қағидатын енгізіп, учаскелік инспектордың рөліне баса мән берді. Себебі полицей – халықпен етене жұмыс істейтін қызметкер. Бүкіл жұмысы ел-жұрттың көз алдында болғандықтан, сынға да көп ілігіп, алғысын да арқалап жүрген – осылар.
Тарихта Қазан төңкерісі қазақ еліне жаңа өзгерістер әкелді. Оның ішінде, біріктірілген әскери төңкеріс комитетінің қолдауымен халық милициясы құрылды. Ал, соның негізінде Қазақ шаруа милициясының Ақтөбе уезінде құрылған патрульдік полиция бөлімдері ел тыныштығын күзету жұмысына кірісті. Осылайша елімізде ішкі істер органы әкімшілік полициясының тарихы басталды. Жүз жылдан астам уақыттан бері ел тыныштығын күзетуде осы салаға көптеген мамандар өмірін арнады. Марапатталды, тіпті кейбірі ерлік көрсетіп, қаза болды. Міне, саналы өмірін осы мамандыққа арнап, ел ықыласына бөленгендердің бірі – Жосалы кентінің тұрғыны, ішкі істер саласының ардагері Мейрамбек Ермұратов. Оның айтуынша болашақ өмірін ішкі істер органымен байланыстырамын деген ой мүлдем болмапты. Әйтсе де оған екі жыл әскердегі борышы себеп болды. Жас сарбаз әскерден елге келген соң, аудандық ішкі істер бөліміне жұмысқа тұрғысы келетінін айтқанда бөлім бастығы қуана қарсы алып, қызметке қабылдайды. Алдымен басшылық оны Алматыдағы милиция мектебіне білімін жетілдіруге жіберіп, оны бітіргеннен кейін учаскелік полиция қызметіне тағайындайды. Қызметке деген жауапкершілігі мен қырағылығының арқасында жас маман басшылық өзіне сеніп тапсырған қызметке тез үйреніп, нәтиже де көрсете бастайды. Оның қызмет барысындағы алғаш рет қылмыскермен бетпе-бет келіп, оны жеңіп шығуы да ерекше жағдайда болыпты. Оқиға былай болған. 1976 жылы кент орталығындағы дүкендердің біріне «ұры түсті» деген жедел хабар жетеді. Бөлім қызметкерлері шұғыл іске кіріседі. Әрине, олардың қатарында Мейрамбек те бар. Ол дүкенді тонаған қылмыскерлерді құрықтауда, іздестіру жұмысының нәтижесінде ұтымды да шұғыл шешім қолданып, ағайынды қарулы әккі қылмыскерлерді тұтқынға түсіреді. Олар бұған дейін де Шиеліде бірнеше дүкенді тонаған және бұл кәсібін әрі қарай жалғастыруға Жосалыға келгені анықталады. Ағайынды қылмыскер айлаларын жас милиционерден асыра алмады. Учаскелік инспектор Мейрамбек Ермұратов пышақ және шолақ мылтықпен қаруланған қос қылмыскерді әскерде және милиция мектебінде үйренген қорғану, шабуыл жасау тәсілі арқылы тез арада қарусыздандырып, қолға түсіреді. Сөйтіп, ішкі істер органымен көптен іздеуде жүрген қылмыскерлерді құрықтап, мемлекет мүлкіне қолсұғушылардың жазасын береді. Мейрамбектің жедел түрде ашқан түрлі санаттағы қылмыстар саны мұнымен шектелмейді.
Жауапкершілік деген ұғымды санасына сіңірген жас милиционер бөлім басшылығының ұйғарымымен бірнеше елді мекендерде учаскелік инспекторы қызметіне тағайындалып, жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады. Иіркөл ауылында учаскелік инспектор болып қызмет етіп жүргенінде көптеген қылмысты ашып, тұрғындар ризашылығына бөленсе, қазіргі Алдашбай ахун, Төребай би ауылдарында болған қызметінде де мал ұрлығы, басқа да қылмыстарды болдырмауға жұмыс істеп, ел-жұрттың ықыласына бөленгенін осы ауылдардың аға буындары жақсы біледі. Аудандық ішкі істер бөлімінде соңғы үш жылда қылмыскерді іздестіру бөлімшесінде қызмет істеп, өңірде қылмыс түрлерін ашуға еңбек сіңірген. Ол спортпен де шұғылданып, көпсайыстан сала қызметкерлері арасында өткен дүбірлі жарыстарда топ жарып жүрді. Ағамыздың екінші бір қыры ол әр жылдардағы тиындар мен маркаларды, сонымен қатар өткен ғасырдың басында, ортасында тұрмыста қолданған түрлі заттарды жинаумен айналысады. Бұл оның хоббиі десек де болады. Адамзат баласы өмірге пенде болып келген соң отау құрып, ұрпақ сүю міндеті. Бұл жағынан да ағамыздың бағы жанып, отанасы, ұлағатты ұстаз, №250 мектеп-лицейінің директоры Гүлжаһан Жұмабайқызымен бірге үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Балаларының үлкені Сағыныш Алматыдағы десанттық ұшқыр батальоны командирінің орынбасары, Жұбанышы шекара қызметінде. Ал Сүйеніші мен қызы Алданышы Астана қаласында. Екеуі де студент. Енді бір айта кетерлік жайт, Мейрамбек Әбдібекұлының өміріндегі ең есте қалған сәті ол 1978 жыл. Сол уақыттағы Омаров деген облыстық ішкі істер басқармасының бастығы аудандарда атқарылып жатқан жұмыстарға тексеріс жасағаннан кейін ағамыздың аудан тұрғындарының тыныштығын күзетудегі ерлік ісіне қуанып, оны арнайылып өзіне шақыртып, сый-құрмет көрсетеді. Сонда оның қолынан ұстап тұрып: «Айналайын Мейрамбек, сен өзіңнің тыңғылықты да қиыншылығы қатар жүретін жауапкершілігі мол қызметіңнің арқасында облыс тұрғындарының бізге деген сенімін арттырдың. Қатардағы қызметкер ретінде, жалпы азаматтық болмысыңмен абыройымызды асқақтаттың. Саған өзімнің, жалпы басқарма атынан алғысым шексіз. Сенің қылмысты ашудағы ерлікті істеріңе тәнтімін, өзге әріптестеріңе үлгі ретінде насихаттап жүретін боламын» деген сөзі Мәкең ағамыздың әлі де есінде. Ішкі істер қызметінің капитаны, ардагер Мейрамбек Ермұратов аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет еткен жылдарда көптеген үлгілі істерімен елге танылды. Оның ерліктері жайлы аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарияланды. «Совет адамы осындай», «Антына берік аға сержант», басқа да мақалалар жарық көрді. Тіпті, Мейрамбек ағамыз тағдырдың тауқыметімен елу алты жыл бірін-бірі таба алмай жүрген ана мен баланың, апалы-сіңілінің қайта қауышуына себепкер болғаны жайлы да аудандық «Қармақшы таңы» газетінде журналист Дәулетназар Байқожаев мақала жазған болатын. Міне, осындай өнегелі өмір жолымен туған халқына адал қызмет еткен ол бүгінде жетпістің екеуіне жетіп, отанасы Гүлжаһан Жұмағалиқызымен үкілеп өсірген ұрпақтарынан тараған немерелерінің ардақты атасы атанып, ел тыныштығын тілеп отырған жайы бар.