» » Халық сенімі – полиция күшінде

Халық сенімі – полиция күшінде

Қоғамдық тыныштық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал ететін сақшыларының еңбегі қай кезде болмасын ерекше. Ішкі істер органдарындағы халықпен етене жақын жұмыс істейтін қызметкерлердің бірі – учаскелік полиция инспекторлары. Олардың күнделікті қызметі туралы біреу білсе, біреу білмес. Осы бойынша ауданымыздың полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларының күнделікті атқарылған жұмыстары бойынша қысқаша айтып өтейік.
Ішкі істер органдарының «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген учаскелік полиция инспекторлар осы саланың ауыр жүгін арқалаған қара нары секілді. Қоқыс пен темекі тұқылын кез келген жерге тастап кететін көршілердің айқай-шуынан бастап, кісі өліміне дейінгі ауыр қылмыстардың қақ ортасында жүретін олар – әмбебап мамандар. Қарапайым халықтың қайнаған тіршілігінің ортасында жүретіндіктен, оларға таяқ та бірінші тиеді, алғыс та арқалап жатады.
Полицияға қатысты сын мен мін тағылса да, соның көбі осы қызмет өкілдеріне қарата айтылады. Қарауындағы үйлердің қақпасын қағып, әр отбасының сыры мен мұнына еріксіз күй болып жүретіндер де осылар. Ішімдікке салынып, шаңырағының берекесін алған маскүнеммен, есірткіге есі кеткен нашақормен, отбасының ойранын шығарып жүрген озбырмен, түзеу мекемесінен шықса да түзу жолға түсе қоймаған есерсоқпен де бетпе-бет келетіндер осылар. Сырт көзге оңай көрінгенімен, бұл қызметтің көпке біліне бермейтін ауыртпалығы көп, жауапкершілігі мол, қиындығы жетіп артылады. Мұның сыртында күнделікті жұмысында сан қилы адаммен жолықтыратын қызметтің қауіпі мен қатері тағы бар.
Учаскелік полиция инспекторлары – ішкі істер органдары жүйесіндегі ең көп функциялы институт. Олардың мойнына есепте тұрған азаматтар мен пробацияда жүргендерді бақылау, нашақор және бұрын сотталған азаматтардың тәртібін қадағалау міндеті де жүктелген.
Ең маңызды мәселелердің бірі – халықтың полицияға деген сенімін арттыру болса, бұл талапты осы қызметтен бастаған жөн болар.

Қармақшы АПб-і ЖПҚб

13 тамыз 2021 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930