» » Немқұрайлықты көтермейтін дерт

Немқұрайлықты көтермейтін дерт

qarmaqshy-tany.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде дүние жүзінде ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Биылғы жылы бұл 21 мамырға келіп тұр. Бұл күннің негізгі мақсаты – ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу. АИТВ және ЖИТС-пен өмір сүретіндерге қолдау көрсету, санамызды өсіру және АИТВ/ЖИТС-пен байланысты стереотиптерді жою, қоғамды АИТВ/ЖИТС-пен күресуге жұмылдыру. Бұл күн – дерт мәселесіне немқұрайлы қарамайтын адамдардың күні, АИТВ жұқтырғандар кәдімгі адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ екенін, олардың да жұмыс істеуге, үй алуға және емін-еркін жүріптұруға құқы бар екенін ескерту күні. Осыған орай өткізілетін іс-шаралардың басты міндеті – бүкіл халықтың назарын осы мәселеге аудару, АИТВ жұқтырудан қорғану шараларын білмейтін немесе оларды орындағысы келмейтін кез келген адам бұл індеттен зардап шегуі мүмкін екенін ескерту.

Қазақстанда зиянды азайту тұжырымдамасының арқасында АИТВ жұқтырған көптеген адамдар толыққанды өмір сүруді жалғастыра отырып, күнделікті ем алады. АИТВ – онымен күресуді және алғашқы сатысында-ақ алдын алу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін ауру. Онымен ауыратын адамдар карьера жасап, дені сау балаларды дүниеге әкеле алады. Бұл жерде жалғыз жол – өмір бойы вирусқа қарсы ем алу қажет. 1998 жылдан бастап Қазақстанда мұндай ем тегін жүргізіледі.

АИТВ/ЖИТС бойынша Қазақстан Республикасындағы эпиджағдайға тоқталсақ, елімізде АИТВ-ның бірінші жағдайы 1987 жылы шетелден келген студентте тіркелген. 1987 жыл мен 2023 жыл аралығында Қазақстан азаматтары арасында 48288 жағдай тіркелсе, 2023 жылдың 3 айында 986 ауру тіркелді.

АИТВ инфекциясынан толық айықтыратын ем жоқ. Емі – ол өмір бақи антиретровирусты дәрілерді уақытылы, ұзақ жылдар қабылдау, тоқтатуға болмайды.

Ал АИТВ/ЖИТС бойынша Қызылорда облысындағы эпидахуалға келсек, АИТВинфекциясының 1-ші жағдайы біздің облысымызда 1990 жылы Шиелі ауданының тұрғынынан анықталған болатын. 1990 жыл мен 2023 жыл аралығында облыста барлығы – 264 ауру анықталған (242-і облыс тұрғындары, 22-сі басқа облыстан).

АИТВ инфекциясы сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайдаланғанда, тағамдар мен ыдыстар арқылы, сырт киімдерді алмастырып кигенде, бір төсекте жатып ұйықтағанда, қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) шаққанда жұқпайды.

Бұл аурудың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, жеке бас гигиенасын сақтап, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу қажет.
Айткүл БАЛМАХАНОВА,
аудандық аурухананың психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері
25 мамыр 2023 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 324

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 417

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930