Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтайық
qarmaqshy-tany.kz Жаз маусымында көптеген аудан тұрғындарының су айдындарына барып шомылатыны баршамызға мәлім. Сол суға шомылудың аяғы кей кездері орны толмас қайғылы жағдайларға әкелетініде белгілі. Оның бірден бір себебі Сырдария өзенінің аудан халқының негізгі орналасқан Жосалы кенті мен Байқоңыр қаласы маңынан өтуі және суға түсуге белгіленген арнайы орындардың болмауы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек суға бататын көбінесе мектеп жасындағы оқушылар мен спирттік ішімдік ішкен азаматтар. Соңғы 3 жылдағы мәліметтер көрсеткендей, 2020 жылы 3-адамның суға кетіп қайтыс болуы тіркелсе, оның 2-уі мектеп жасындағы бала болып отыр, 2021 жылы 4 адам суда қаза тапқан, оның 3 бала, ал 2022 жылы 3-адамның суға кетіп қайтыс болуы тіркелсе, оның 1-уі бала болып отыр. Сол себепті суға түсу ережелерін сақтамау, су қоймаларында жиі қайғылы жағдайлардың болуына соқтырады.
Судағы қауіпсіздік
Суға тек арнайы белгіленген, түбі тексерілген орындарда ғана түсу керек. Судың температурасы +18 +19 С градустан төмен болмағаны жөн.
Егер дененің тоңазығанын сезсеңіздер, дереу жағаға шығу қажет және әбден жылынып алмайынша қайта суға түсуге болмайды.
Суға қайықтан, катамараннан, көпірден, басқа да биіктерден секіруге болмайды.
Суда жүзу үшін кез келген тақтайды, автокөліктің камераларын, үрленген матрацтарды пайдалану қауіпті.
Балалар мекемелерінің жетекшілер мен ата-аналар!
Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Судағы қайғылы жағдайда ұшырамас үшін, суда қарапайым өзін-өзі ұстау ережесін сақтау керек:
- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- танымайтын жерде шомылуға болмайды;
- шектейтін белгілерден асып сүңгуге болмайды, суға
көпірлерден, жағалаудағы бөгетшелерден секіруге болмайды;
- шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;
- өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп келуге болмайды;
- мас күйінде шомылуға болмайды.
Егер сіз қайықта болсаңыз:
- Құтқару құралдарыңсыз қайықты пайдаланбаңыз.
- 14 жасқа дейінгі балаларға қайық - жүзу құралдарын қолдануға рұқсат етпеңіз.
- Қараңғы батысымен қайықты қолданбаңыз.
- Қайықтан суға сүңгімеңіз, суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаңыз.
- Кішігірім қайықта тік тұрмаңыз.
- Қайықтың ернеуіне және басқы бөлігіне отырмаңыз.
- Техниқалық паспортында көрсетілген мөлшерінен көп жолаушылар мен жүкті алмаңыз.
- Мас күйінде қайықпен жүзбеңіз.
- Қараусыз қалған және техниқалық сапасы төмен қайықтарды қолданбаңыз.
Жүріп келе жатқан бір қайықтан екіншісіне өту немесе оның алдынан жүзіп шығу да адам өміріне қауіп төндіреді.
Осы ережелерді сақтамау, су қоймаларында жиі қайғылы жағдайдың болуына әкеп соқтырады.
Төтенше жағдай орын алған кезде 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар!
Қармақшы ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі
Еркін Назарқұлов Есетұлы