» » Әлеуметтік желі әлемді «әлдилей» ме?

Әлеуметтік желі әлемді «әлдилей» ме?

qarmaqshy-tany.kz Бүгінде серігің де, жан жолдасың да осы ұялы телефон секілді. Таңның атысынан күннің батысына дейін соған үңілумен уақыт өтіп жатыр. Рас, бүгінгі адамды ұялы телефонсыз елестету тіпті мүмкін емес. Қолында не қалтасында телефоны жоқ болса дегбірі қашып, әбігерге түсіп жүргені. Онсыз күнін елестету қиын. Сағаттап қалтафонға үңілуден де жалықпайды. Телефонға бір мезгіл бас сұқса болды айналасында не болып жатқанынан бейхабар қалады. Естімейді, көрмейді. бар қызығы әлгі телефон. «Уақыттың бос өткені – өмірдің бос өткені» демей ме? Сол өмірді әлеуметтік желімен босқа өткізіп жатқандар қаншама?

Иә, бір күн әлеуметтік желіге кірмесек жаңалықтан құр қалатындай көрінеді. Қазір жұрт жаңалықты арнайы ақпараттық порталдарға кірмей-ақ әлеуметтік желі арқылы танысуды әдетке айналдырған. Уақыт өткен сайын әлеуметтік желілердің қолданылу аясы кеңейіп, қоғамдағы маңызы артып келеді. Ал енді еліміздегі азаматтар қай әлеуметтік желіні көбірек қолданады екен? Зерттеп көрсек.

DataReportal зерттеуіне сәйкес, өткен жылы Қазақстанда №1 әлеуметтік желі мәртебесін Instagram иеленген. Бұл желіні елімізде 11,75 млн адам пайдаланады. Одан TikTok желісі де қалыс қалмайды. Бұл қосымшаны 7,26 млн қазақстандық қолданады.

Ал, алдыңғы буынның арасында құрметке ие Facebook-ті пайдаланушылар саны 2,3 млн-ды құраса, LinkedIn жарнамалық ресурстарын тек 1,1 млн адам бизнес, жұмыс үшін өз қажетіне жаратады. Қысқа хабарларға құрылған Twitter тіпті де танымалдықтың қатарында жоқ. Десе де, бұл желіде Президенттің өзі тіркеліп, тұрақты твит жазып тұратынына қарамастан, оны қарымқатынас жасау үшін 202,9 мың қазақстандық қана пайдаланатын көрінеді.

Оқушылардың қалауы бұдан тіптен өзгеше. Ғаламторға қосылған смартфоны бар мектеп жасындағы балалардың 95%-і қолы қалт етсе YouTube-ты ашады екен. Ал 67%-і Тік-Ток-та отырады. 62%-інің Instagram-да парақшасы бар және осы желіні ұнатады. 32%-і ғана Facebook-ті пайдаланады, 17%-і күнделікті өмірде WhatsApp мессенджерін қолданады.
Балалардың цифрлық даму деңгейін ескере отырып, халықаралық тәжірибеде білім беру ұйымдары білім беру процесін қайта құрып жатыр. Мұғалімдер озық технологияларды иегере отырып, оқушыларға білім беруде нәтижені арттыруға күш жұмсайды. Демек мұғалімдер де сабақты, тапсырмаларды қызықты етіп түсіндіріп, оны Тік-Ток, YouTube және басқасы арқылы таратуға тырысуы құптарлық, қолдауға тұрарлық іс.

Бұл үрдісті қазіргі жас мамандар сабақ барысында қолданып жүр. Тіпті әлеуметтік желіде белсенді болып жүрген ұстаздарды да кездестіруге болады. Қазіргі таңда тек бір ғана жұмыспен шектеліп қалуға болмайды. Жоғарыда айта кеткеніміздей, әлеуметтік желінің түр-түрін пайдаланатын адамдардың елімізде қарасы қалың. Сол себепті өз жұмысымызды желі арқылы байланыстырып отырғанның зияны бола қоя ма, сірә.

Иә, қазір қандай мектеп, мекеме болмасын оларда міндетті түрде әлеуметтік желі бар. Ондағы болатын түрлі іс-шаралар мен кездесулер, жаңалықтар легінің барлығы сонда ақпараттандырылып отырады. Іздеуші де оңай тауып алады. Тіпті мекен-жайы мен телефон нөміріне дейін жазулы тұр.

Жер шарының барлық тұрғынның шамамен 59,3%-і, ал жасы 13-тен аспаған балаларды қоспағанда, 75,9%-і немесе әрбір төрт адамның үшеуі әлеуметтік желіде отырады. Мұнан өзге мына бір деректі қарайықшы. Интернетке қосылған дүниежүзіндегі бүкіл адамның 93,4%-і әлеуметтік желіде тіркелген.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, халықты жоғары жылдамдықтағы сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында байланыс саласын және «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын дамыту қолға алынуда. Осы жоба аясында алда 3 мыңға жуық елді мекенге оптикалық интернет жеткізіледі. 5G, яғни 5-ші буынның ұялы байланыс желілерін 20 қалаға орнату басталады.
Сөз соңында айтпағымыз мынау. Әлеуметтік желі адамзатты жоғары технологияға жылдам жұмылдыра, тез дамуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жаңа технологияның жаңа толқынына деген зор сұраныс тудырып отыр. Демек, бұлар бірін-бірі түртетін, бірінсіз бірінің күні жоқ дүниелерге айналып барады. Сондықтан, оны өз қажетімізге, пайдамызға жарата алсақ болғаны.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
23 сәуір 2023 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031