» » Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу

qarmaqshy-tany.kz Әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Алайда, әке болу бар да, әке бола білу тағы бар. Әке – ұлы күш пен сабырлықтың иесі іспеттес. Әке баласының физикалық және рухани тұрғыдан мықты болып өсуіне көп мән беру керек.
Сондай-ақ ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді ұзын-сонар әңгіме немесе ақыл айтып емес, әке өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгі есте қалады, осы орайда Қармақшы ауданында Әбзәли Егізбаев атындағы №121 орта мектебінде "Баланың бас ұстазы-ата-анасы" тақырыбында мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы: Дәулетбаев Асқар, қамқоршылық кеңестің төрағасы: Бекжанова Баянкүл АПб-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Исмайлова Гульмира Білімжанқызының, мектеп инспекторы Ғалымжан Мұхамедияров, теолог маман: Ысқақов Жалғасбектің және де мектепішілік әкелер институтының құрам мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өткізілді. Кездесудің мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу.

Отбасындағы әке тәрбиесінің ролін, оқушыларды жат қылықтардан сақтануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу төңірегінде сөз қозғалды. Ата-аналар кеңесінің төрағасы А.Дәулетбаев, оқушыларға жасөспірім шағында өз басынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге 8-9-10-11сыныптың ер балалары, сынып жетекшілер мен әкелер қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер аясында: Отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік дәстүрлерді қалыптастыру мен сақтаудағы әкенің рөлі тақырыбында мектеп директоры Болат Мәлікұлы кеңінен баяндап, қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы келіспеушіліктің алдын алуға құзырлы органдар мен ата-аналар мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста бола отырып жоспарлы бірлескен жұмыстарда бір болуға шақырды. АПб-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Исмайлова Гульмира Білімжанқызы Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы баяндамасы тындалды.

Жиын соңын мектеп басшысы Болат Мәлікұлы, Тәуелсіз еліміздің мақтанышы, жасөспірімдер арасында Албания елінде зілтемір көтеруден әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы, мектебіміздің түлегі Саулебеков Ерасыл Аянұлы мен бапкері мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда мектебіміздің ата-аналар комитетінің мүшесі Ералиев Айдардың жылы лебізімен қорытындылап, алдағы спорттық сайыстарда Тәуелсіз еліміздің Ән Ұранын асқақтатып, көк Туын желбіретуге тілектестік білдірді.
17 сәуір 2023 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031