Отбасындағы қолайсыздық – құқық бұзушылықтың негізгі себебі

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қараша айыныңы 2-ші жұлдызында, Қармақшы аудандық прокурорының орынбасары Мұратов Әнуар Әбдіғалиұлы, АПб-нің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Касимова Айнур Шакзадаевна және Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Исмайлова Гулмира Білімжанқызымен, кент орталығындағы №250 мектеп-лицейінде ҰБТ-ға дайындық барысында қосымша сабақтарға келіп жүрген 11 сынып оқушылары арасында суицид, жыныстық қол сұғылмаушылық, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай жадынамалар таратылды.
Жасөспірімдермен құқық бұзушылықтардың жасалуын болдырмау, қайта құқық бұзушылыққа бармау туралы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы