» » Қайырымдылық – қадірлі қасиет

Қайырымдылық – қадірлі қасиет

qarmaqshy-tany.kz Қазақ халқы қашаннан жабыққанға демеу, тарыққанға тіреу болған, ізгілік пен мейірімділікті айырықша құрмет тұтқан, тіпті қиналғанға жол көрсетіп, жомарттық танытқан ұлт. Міне, сол ата-баба дәстүрін жалғастырып жүрген жомарт жандар арамызда аз емес. Бүгінде ауданымызда қайырымдылық істе ерікті жастардың қатары күн санап артып келеді. Бұл, әрине қуанарлық жайт. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев аудандағы түрлі салада еңбек етіп жүрген, онымен қоса қайырымдылық істен қапы қалмайтын жомарт жандарды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

Қабылдауға қарымды бастамаға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер және заң қызметтерін тегін ұсынып жүрген нотариус қызметкерлері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Байназарұлы жиынның алғы сөзінде ауданда қайырымдылық істердің ұйымдастырылуына белсене атсалысып, жас еріктілердің игілікті бастамаларына қолдау білдіріп жүрген жандарға алғысын айтып, алдағы уақытта да осы игі істің жалғасын тауып, халық құрметіне ие болып жүре беретіндеріне сенім білдірді.
Сондай-ақ, аудан басшысы Жандос Еркінбектің арнайы құттықтауын жеткізе отырып алғыс хаттарын табыстап, сыйқұрмет көрсетті.

Ақнұр САҒЫНТАЙ

15 сәуір 2023 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031