» » Жыршы атындағы берекелі көше

Жыршы атындағы берекелі көше

qarmaqshy-tany.kz «Еліме жастайымнанеттім қызмет,
Елбеңдеп өз әлімше жасап ізет.
Тисін деп қолғабысым ағайынға,
Ерінбей ертеңді-кеш жүрген біз ек».
Бұл жыр жолдарының авторы 1893 жылы қасиетті Қармақшытопырағының тумасы жыршы-ақынМолдахмет Дабылұлы.  Жастайынан ақын-жыршылыққа құмар болып, Ораз ахуннан діни білім алған тұлға. Әңгімемізге арқау болып отырған жыршының атына берілген көше бар. Ол кентіміздің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.
Көшенің тарихы тұрғындардың айтуынша, 70-жылдардан бастау алыпты. Елу жылға жуық тарихы бар көшеде небір жақсылар мен жайсаңдар тіршілік кешкен. Сонау кеңестік кезеңде Н.Гоголь атанып, бертін келе, нақтырақ айтсақ, 1993 жылы сол кездегі аудан әкімі Ж.Бодықбаевтың шешімімен Сыр сүлейі Молдахмет Дабылұлы есімімен аталды. Көшенің басы О.Шораяқұлы атындағы No30 мектептен бастау алып «Жосалы-Жалағаш» автожолына барып тіреледі. Қырыққа жуық отбасы, 120-ға жуық тұрғыны бар көше асфальтталып, су-газ жүйесі тартылған. Көшенің дәл ортасында «Сардарбек» жеке балабақшасы орналасқан. Яғни, көше тұрғындарына мектеп, балабақша жағынан мәселе жоқ деген сөз.
Ал, көше тұрғындары өте ұйымшыл екен. Басым көпшілігі орта буындағы жандар. Қазақ атам заманнан көршіментату болуды насихаттап келеді емеспе? Ендеше, осы сөздің ұлықталып,бүгінгі күнге дейін жеткенін осындайбірлігі жарасқан көшелерден көреміз. Бұл көшенің тұрғындары қайғыда да, қуанышта да бір-бірімен етене араласып, ағайын-туыстай болып кеткен.
Оған бір дәлел, көше тұрғындары биылғы Наурыз мерекесін ерекше тойлады. Үш жылға жуық елді есеңгіретіп, әбігерге салған пандемиядан кейінгі бұл қауышу ерекше болғаны рас. Көше тұрғындары емін-еркін басқосуды сағыныпты. Көтеріңкі көңіл-күйлерін ауа райының да мейірімін төгіп, күн шуағына шомылтқаны қуаныштарын еселепті. Тұрғындардың да көршілері жөнінде айтары бөлек.
– Наурыз мейрамын көше болып жоғары дәрежеде атап өттік. Үлкен-кіші демей, кәрі-жасы мерекелік дастарқан жайысуға атсалысты. Алдымен көшенің ортасына «Ұлыстың Ұлыкүні – Наурыз мейрамы құтты болсын»атты тақырыпта баннер ілініп, оныңжан-жағы түрлі-түсті шарларменбезендірілді. Мерекені әсем әуен әрлептұрды. «Көрші ақысы – Тәңір ақысы»демекші, іс-шараға Есқараев көшесінің тұрғындары түгел шақырылды. Қонақтар алдымен ұлттық тағам – Наурыз көжеден ауыз тиіп, ағарғаннандәм татты. Ет асылып, палау пісіріліпқонақтарға сыбағалары тартылды. Биыл 84 жасты еңсеріп отырғанкөшенің үлкен ақсақалы ӘбжаппарАлтынбасов атамыз дастарқанға батасын берді. Мереке әрі қарай спорттықшараларға жалғасты. Жалпы өзімосындай берекелі көшеде тұрғанымақуаныштымын, – дейді көше тұрғыныЕрмек Жылқыбаев.
Тағы бір айта кетерлігі, көшетұрғындарының дені жұмыспен қамтылған. Атап айтсақ, мұғалімдер, орманқорғау, мұнайшы, өрт сөндіру, төтеншежағдай, жүргізуші, есепші, медицина,мемлекеттік қызметкерлер, мал шаруасымен айналысатын кәсіпкерлертұрады. Мінекей татулығы жарасқаналақандай көшенің бүгінгі тірлігі осындай. Әрине, бұл біршама жанға, бірнешекөшеге үлгі боларлық іс. Кішісі үлкенінсыйлайтын, үлкені кішіге ізет көрсетебілетін көше тұрғындары мұнан кейінде тату болады деген сенім мол. Ал,татулық қашанда берекеге бастайды.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
11 сәуір 2023 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930