» » Халыққа үйді арзан бағамен алатын кешенді бағдарлама қажет

Халыққа үйді арзан бағамен алатын кешенді бағдарлама қажет

Kyzylorda-news.kz. «Хабар 24» телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының белсендісі Нұрлан Жаңақұлұлы баспана мәселесіна қатысты пікір білдірді. 
«Елімізде бар арманы баспаналы болумен байланысты мыңдаған адам бар. Алайда бұл өзекті мәселе өз шешімін таппай тұр. Мемлекет басшысының пайымынша, тұрғын үй саясаты нарықтағы ахуалға тығыз байланысты. Жаңа құрамдағы VІІІ шақырылымдағы ҚР Парламенттінің бірінші сессиясында Президент халықты баспанамен қамту саясаты қалай жалғасатынын айтты. «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Маған азаматтардан күн сайын жүздеген өтініш келеді. Оның ішінде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұраған хат өте көп. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді. Сондықтан, біз осы саладағы саясатымызды қайта қарап, оның мейлінше әділ әрі икемді болуын қамтамасыз етуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Халыққа ипотека беретін емес, үйді арзан бағамен алатын кешенді бағдарлама қажет. Қазір үйдің қымбаттаған бағасына халықтың табысы жетпей отыр. Бүгінде елімізде ипотекалық бағдарлама тым көп. Бірақ сол бағдарлама талаптарына сай келетін қолжетімді үй жоқ. Осы мәселелерді шешу жолында халыққа тиімді бағдарламалар ұсынылады деген үміттеміз», - деді Нұрлан Жаңақұлұлы. 
 




06 сәуір 2023 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930