» » Қазақстанда жаңа тұрғын үй жобасын іске қосу ұсынылды

Қазақстанда жаңа тұрғын үй жобасын іске қосу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров халықты баспанамен қамту мақсатында жаңа тұрғын үй жобасын іске қосу туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пәтер
"Дүрлікпе сұраныстың әлеуеті отандық өнеркәсіпті дамыту үшін пайдаланылмады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, отандық өндіріс табиғи шикізат болып саналатын құрылыс материалдары ресурстарында ғана басым болды. Сондықтан зейнетақы жинағымен көбінесе шетелдік жеткізушілер мен отандық делдалдар инвестицияланды. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану жобасын жалғастыра отырып, екінші кезеңде қосымша жүйелі шараларды іске қосу маңызды деп санаймыз. Ол жеке топтарға емес, бүкіл қоғамға арналуы керек. Қазақстан Халық партиясы жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған "Жер үй" бағдарламасын іске қосуды қажет деп санайды", – деді ол. 
Оның сөзінше, мемлекет қазақстандықтардың басым бөлігін сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс.
"Жер үй" жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы қажетті құрылыс материалдарының, ілеспе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамыту жөніндегі шаралармен сүйемелденуі тиіс", - дейді депутат.
23 маусым 2021 ж. 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031