» » «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы Жосалы кенті орталығындағы №30 орта мектеп оқушылары Ішкі істер органының ардагері Ермаханов Бейбіт аталарымен кездесті. Шара Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Р.Әдірахманов пен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесу барысында ІІО-ның ардагері Б.Ермахановтың милиция қызметіне қабылданған уақытынан бастап, зейнеткерлікке дейінгі ел тыныштығын сақтаудағы халқына адал қызмет еткен сара жолы туралы оқушыларға бейнетүсірілім арқылы дайындалып көрсетілді.
Жиын барысында ІІО-ның ардагері Б.Ермаханов оқушыларға «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзін айта келе, құқық бұзушылықтың адам өміріне тигізер зияны көп екенін, білімді де тәрбиелі болу адамның жарқын болашығының негізі екенін айтып өтті.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

03 сәуір 2023 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031