» » Біз туберкулезді жеңе аламыз!

Біз туберкулезді жеңе аламыз!

qarmaqshy-tany.kz ТУБЕРКУЛЕЗ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ БІРІ. КҮН САЙЫН 4100-ДЕН АСТАМ АДАМ ОСЫ ДЕРТТЕН ҚАЙТЫС БОЛАДЫ ЖӘНЕ 28000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ОСЫ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАТЫН, ЕМДЕЛЕТІН АУРУМЕН АУЫРАДЫ. ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕСІ ӘЛСІРЕГЕН АДАМДАРДА ТУБЕРКУЛЕЗ АСҚЫНАДЫ. ҚАЗАҚСТАН ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ЕМДЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІ БОЙЫНША ӘЛЕМДЕ 4-ІНШІ ОРЫНДА ТҰР. ЕЛДЕ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ, ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Бұл ауруды ерте анықтау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ДДҰ ұсынған туберкулезді және дәріге төзімді туберкулезді бактериологиялық және молекулалық - генетикалық диагностикалаудың жеделдетілген әдістері енгізілді. Бүгінгі таңда ауруды жедел диагностикалау үшін барлық аймақтық туберкулезге қарсы мекемелер мен аудандық деңгейдегі зертханалар арнайы аппараттармен қамтамасыз етілген. Туберкулез жағдайларының 99,9%-ы диагностиканың соңғы экспресс-әдісімен анықталады.
24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні болып бекітілген. Бұл күн қоғамды аурудың ауырлығы мен онымен күресу қажеттілігі туралы хабардар ету, уақытылы анықтау және толық емдеу мүмкіндігі туралы ақпаратты халыққа жеткізу. Осы аурумен ауыратын адамдар толыққанды емнен кейін басқаларға қауіп төндірмей, оқи алады, жұмыс істей алады, дені сау балалар туады және толыққанды өмір сүре алады. Бұл аурудың жалпы белгілері – екі аптадан астам жөтел, кейде қан аралас қақырық, кеуденің ауруы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, салмақ жоғалту, әсіресе түнде қатты терлеу жатады.
Алдын алу шараларына – саламатты өмір салтын ұстану, дұрыс, құнарлы тамақтану (ет, сүт, көкөністер мен жемістерді жеткілікті пайдалану), тұрақты физикалық белсенділік, жақсы демалу, зиянды әдеттерден бас тарту, жеке гигиена ережелерін сақтау, тұрғын үй-жайларды ылғалды тазалау және желдету, ет пен сүтті міндетті түрде пісіріп ішу немесе жеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану. Туған кезде БЦЖ екпесін міндетті вакцинациялау және 6-7 жаста ревакцинациялау. Ауруды уақытылы диагностикалау, емдеудің толық курсын алу.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінде халықты флюрографиялық тексеруден өткізу және басқа да халық үшін кең ауқымды іс-шаралар жоспарланған.
Мақсаты – адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін тарқату. Туберкулез ауруының пайда болуын, қоғамға және адамға зардабын түсіндіріп, ашып көрсету, адам денсаулығын сақтауға қажетті іс-әрекеттерге, адамның әл-ауқаты мен салауатты өмір салтына бағытталған қоғамдық сананы қалыптастыруға халықты насихаттау. Ауруды жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптарынан хабардар ету. Денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке тәрбиелеу, өзін өзі сақтау, мінез-құлық дағдыларын дамыту, профилактикалық тексерулерден міндетті түрде өту қажеттілігін түсіндіру.
Осы мақсатта кент орталығындағы мектептер мен агро-техникалық колледж студенттері арасында, аудан халқына, ауылдық мектептер мен емханаларда, халыққа қызмет көрсету орталығында, аудандық емханада «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен аудан бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. LED экрандарда бейнероликтер көрсетіліп, акция, семинарлар өткізілді. Аудандық емхананың мамандарымен жасақталған Жылжымалы медициналық кешені (ЖМК) ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар ауылдарына барып, ауыл тұрғындарын, жасына сай нысаналы топтарды алдын ала тексеруден, флюрографиядан өткізді. Сондай-ақ, емхана фтизиатр-дәрігерлері Хабибулла Әлиев, Айгүл Дүзімбетова, Ардақ Серікбаева, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының маманы Зәуре Атабаева, жастар денсаулығының мамандары Әмина Кетебаева, Мереке Бекова, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы Дариха Құлмырзаева Дүр Оңғар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, сол ауылдағы №107 орта мектеп оқушыларының дайындаған әдеби-сазды монтажын тамашалап, ақпараттық танымдық материалдар таратылды, дәрістер оқылды. Оқушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Әмина ТАХИРҚЫЗЫ,
психолог маман
25 наурыз 2023 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 341

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930