» » Есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық сотында Ә.Б-ге қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігімен (есiрткi заттарды, өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотпен анықталғаны, 2022 жылдың қараша айында Қармақшы ауданы ПБ-нің қызметкерлерімен «Шымкент-Самара» тас жолында күдікті Ә. ұсталып, тергеп-тексеру барысында салмағы 4,19 грамм есірткі зат – марихуанна табылған. Басты сот талқылауында сотталушы Ә.Б-ге тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.
Қармақшы аудандық сотының үкімімен Ә.Б  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде, яғни 91890 теңге айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген.
    Қайнар: Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
15 наурыз 2023 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930