» » Балаңыз бақылаусыз қалмасын

Балаңыз бақылаусыз қалмасын

qarmaqshy-tany.kz Ауданда бейуақытта бақылаусыз жүрген жасөспірімдердің саны азаймай тұр. Түнгі уақытта көше мен ойын-сауық орталықтары балалардың үйір болатын орындары. Осыны ескеріп, тәулік бойы тыным таппай, кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын тәртіп сақшылары мен еріктілер, мектеп ұстаздары бірігіп түнгі рейдтік жұмыстар жүргізуде. Бұл жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу және қоғамға жат іс-әрекет жасауға бейім, қадағалаусыз және қараусыз қалған, түнгі уақытта заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз үйден тыс болуы деректерін анықтау мақсатында үздіксіз жүріп келеді.

Елімізде соңғы жылдары кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауының белең алуы жиі айтылуда. Бұл жастардың жалындап тұрған кезі. Әйтсе де жастық энергияны орынсыз көше кезумен өткізіп жүргені өкінішті. Жастардың топ болып жүруінің арты төбелеске әкеліп соғатынын көз көріп, құлақ естіп жүр. Тіпті өрімдей жігіттердің өмірі де осындай төбелестердің кесірінен қиылып да кетіп жатыр.
Олардың пайдалы іспен айналыспауы әсерінен айналасындағы қоршаған ортасының, достарының немесе біреудің қорқытуы арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi жағдайлары да кездесіп жатады. Телефондағы ойын да бала психологиясына кері әсер етеді. Демек тапжылмай ұзақ уақыт телефонда отыру, біріншіден, баланың ойөрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді.
Әлбетте балаға бірінші кезекте тәрбиені отбасы береді. Егер отбасында баланың рухани дамуына, жетілуіне дұрыс көңіл бөлінбесе, адами қасиеттердің құндылығы құйылып өспесе жағдай қиынырақ. Қазір – өсудің, дамудың, жаңарудың уақыты. Кешегі ата-бабаларымыз көрген жерінде «Кімнің баласысың?» деп бірден әке-шешесінің тектілігіне, көргенділігіне мән беретін. Ал қазір қалай? Қазіргі көп ата-аналар өз бетімен жұмысбасты, бала да бақылаусыз. Бала тәрбиесі – бұл дүниедегі барлық істен жоғары тұратын ең үлкен жауапкершілік. Мұны сезінуіміз керек.
Түйін. Ең алдымен тәртіп сақшыларының тексерісі балалардың қауіпсіздігі үшін екенін ескерейік. «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген. Сондықтан жеткіншектердің түнгі уақытта өз бетімен жүрмеуін ата-аналар қатаң қадағалауы тиіс. Балаңыздың болашағына алаңдасаңыз, бақылауды да ұмыт қалдырмаңыз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
15 наурыз 2023 ж. 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 180

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930