» » «ҚАРУ» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

«ҚАРУ» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде


qarmaqshy-tany.kz ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, аудан көлемінде атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында, заңсыз айналымдағы қаруларды анықтап, тәркілеу бағытында ағымдағы жылдың 2-6 наурыз аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Атап өтер жайт, аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – аудан көлемінде азаматтарға заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді сақтаудың жауапкершілігін түсіндіру және олардың жеткізу арналарын анықтау. Сонымен қатар, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады.
Сонымен қатар, полиция бөлімінің қызметкерлері ішкі істер органдарының тіркеуіне алынған азаматтық қару-жарақтарды сақтау жағдайын тексеру мақсатында қару иелерінің мекен-жайы бойынша тексеріп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауы қадағалануда.
Ескертпе: Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған тұлға, егер оның әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылатынын ескертеміз.

Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-сі

06 наурыз 2023 ж. 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930