» » Жақсы нәтиже – жылдардың жемісі

Жақсы нәтиже – жылдардың жемісі

qarmaqshy-tany.kz БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ №277 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ «МЕКТЕПТІ ТИІМДІ БАСҚАРУ: ТӘЖІРИБЕ, ІЗДЕНІС, НӘТИЖЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ МЕКТЕПТІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН, ЖҰМЫС ІСТЕУ БАҒЫТЫМЕН ТАНЫСТЫРУ, МЕКТЕПІШІЛІК ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕСІН ҰСЫНУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ СЕМИНАР ӨТТІ. ІСШАРАҒА ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ С.АСҚАРОВ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Г.АБДАЗИЕВА, АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ МЕҢГЕРУШІСІ Ш.НАУКЕБАЕВА ЖӘНЕ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Қатысушылар барабаншылардың ұсынған композициясынан керемет әсер алып, арнайы оркестр шығармашылығын тамашалады.
Кездесуде аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева облыс көлемінде өткізіліп тұрған аталмыш іс-шараның маңызын, тәжірибе алмасудағы рөлін ерекше атап, Ж.Тілеуғабылова бастаған мектеп ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Аталмыш шара аясында тағылымды тарихы бар мектептің тынысы мен жетістіктеріне арналған бейнероликтен кейін қонақтар мектеп жанынан құрылып, халықаралық байқаулардан жүлделі орынға ие болып жүрген «Робототехника» үйірмесінің жұмысымен танысты.
Тәжірибелік кездесудің маңызды бөлігінің бірі – биылғы оқу жылында ашылған «Обсерватория» кабинетінің жұмысымен танысу болатын. Онда заманауи құрал-жабдықтар, аспан әлеміне үңілуге мүмкіндік беретін жетіқарақшы мен білім алушыларды астрономияға біртабан жақындатып, оларға телескоп арқылы ғарыш әлемін зерттеп игеруге жол ашатынына куә болысты. Мектеп ұжымының бұл бастамасына толағай табыс тіледі. Сонымен қатар, мектептің білім, ғылымнан бөлек, қолөнер еңбегімен айналысатын оқушылардың жұмыстарына арналған арнайы шығармашылық залды тамашалау арқылы рухани серпіліп, дебат ойыны мен 3 тілде театрлық қойылым қойып жүрген білім алушылардың ағылшын тіліндегі "Harry Potter" қойылымын тамашалады. Байқоңыр қаласындағы «В.Челомей атындағы Мәскеу ғарыш мектеп-лицейімен» бірлесе атқарып келе жатқан «Ракета ұшыру» жобасының нәтижесі ретінде оқушылар жасаған ракеталар ұшырылды. Бұл мектеп қабырғасында жүргізіліп отырған жұмыстардың шынайылығын көрсетті.
Семинардың қортындысында облыстық оқу орталығының директоры С.Асқаров: «Бүгінгі куә болып отырған жұмыстар бір күннің емес, бірнеше жылдардың жемісі мен нәтижесі» деп оң бағасын беріп, ұжымның еңбегін жоғары бағалады.
«Қт» ақпарат
05 наурыз 2023 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 350

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 431

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930