» » Тәрбие ошағындағы тәлімді іс

Тәрбие ошағындағы тәлімді іс

qarmaqshy-tany.kz ЖАҚЫНДА АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫНДАҒЫ №10 БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНДА «БАЛАПАН» ТОБЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ ЛӘЗЗАТ ШАЙХИЕВАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДА «БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ. МАҚСАТЫ – АТА-АНАЛАРДЫ ҚАТЫСТЫРА ОТЫРЫП, ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІН ТҮСІНДІРУ. ОТБАСЫ – ОТАННЫҢ БІР БӨЛШЕГІ ЕКЕНІН ҰҒЫНДЫРЫП, БАЛАЛАРДЫ ЫНТЫМАҚ ПЕН ҰЙЫМШЫЛДЫҚҚА, БІРЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ.
Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала – қуаныш, өмірді жалғастырушы болса, ата-ана – демеуші, тәрбиелеуші. Әкенің ұлағаты мен ананың тағылымын көріп өскен ұрпақ, елін, жерін сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, отбасындағы берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бөбекжай-бақшасындағы басқосу ата-аналарға осыны сезіндірді.
Іс-шарада ата-аналар 5 сайыс бойынша бақ сынады. Олар өздерін таныстыру, сурет салу, мақалды жалғастыру, тосын сұраққа жауап беру және ертегі көрінісін сомдау секілді сындардан өтті. Алдымен таныстыру бойынша ата-аналар бір-бірінің қолдарын ұстау арқылы шеңбер жасап, есімдеріне сын есім қоса отырып, балаларына жақсы тілек тіледі. Келесі сайыс бойынша көздерін байлап, қыс мезгілінің суретін салды. Одан кейін балаға, тәрбиеге, отбасыға қатысты мақалмәтелдің жалғасын тауып жарысты. Кезек тосын сұрақ қою арқылы атаананың балаға деген сезімін білді. Әртүрлі ситуациялық сауалдар қойып, үйдегі баламен қаншалықты жақын қарым-қатынаста екенін байқады. Ал соңғы сайыста ата-ананың балаға ертегі айту тәжірибесі сыналды. Яғни, ертегідегі кейіпкерлердің даусын салу арқылы сынақтан өтті.
Тренинг соңында ата-аналар арасында жеңімпаз анықталды. Бөбек­ жай-бақшасының меңгеруші Гүлжан Қуантаева жеңімпаздарды арнайы дипломмен марапаттады.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
04 наурыз 2023 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 350

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 431

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930