» » Оқуға құштар мектеп

Оқуға құштар мектеп

qarmaqshy-tany.kz «Отан – отбасынан басталады» деп бекерге айтылмаған. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты білімді әрі тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Жақында А.Жанпейісов атындағы No105 мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үздік оқырман отбасы» байқауы өтті. Мақсаты – балаларға отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Байқауда Әмірбековтер, Байдрахмановтар, Суюналиевтер және Бақытбековтер жанұясы сынға түсті. Алғашқы тапсырма бойынша үміткерлер «Кітап және менің отбасым» мультимедиялық көрсетілімінде бейнебаян арқылы отбасын таныстырса, «Отбасымыздың сүйікті кітабы» кезеңінде белгілі бір әңгіме немесе ертегі желісі бойынша сахналық көріністер қойды. Сиқырлы ертегі әлеміне жетелейтін «Ерте, ерте, ертеде...» сайысында берілген кілт сөздер бойынша ертегі құрастырса, «Білімнің көзі – кітапта» атты сұрақ-жауап кезеңінде отбасылық салт-дәстүрлерге байланысты әр отбасыға екі сұрақтан қойылды. «Отбасы шығармашылығы» атты кезеңде қатысушылар өздері сүйіп оқитын жергілікті ақынның өлең шумақтарын оқыды.
Байқаудың қорытындысы бойынша қатысқан отбасыларға алғыс хат және сыйлыққа жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары берілді. Білім де, ақылдың нұр сәулесіде кітаптан тарайтындығын ата-анамен бірігіп бала жүрегіне жеткізе білген отбасылар қандай шығармашыл ортаның адамдары екендіктерін, болашақта бұдан да биік белеспен шыңдарды бағындыратындарын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осы орайда мен өзімнің оқушыларыма және тәрбиелеп отырған ата-аналарына алғысымды білдіремін. Ата-ана мен оқушымен өте жақсы қарым-қатынастамын. Балаларымыз еліміздің жас ұландары ұлылығымызды ұлықтап, еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін.
Жаннұр ҚАЛТАЕВА,
No105 мектеп-лицейінің мұғалімі
26 қараша 2022 ж. 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930