» » Ұлттық тәрбие – ұлағат негізі

Ұлттық тәрбие – ұлағат негізі

qarmaqshy-tany.kz ЕГЕМЕН АЛҒАННАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДА БАРЛЫҚ САЛАДА ҚИЫНДЫҚ БОЛДЫ. ОЛ ЖАҒДАЙ БІЛІМ САЛАСЫН ДА АТТАП ӨТКЕН ЖОҚ. БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАРЖЫ ЖЕТПЕЙ, АЙЛАП МҰҒАЛІМ, ТӘРБИЕШІЛЕР ЕҢБЕКАҚЫСЫН АЛМАҒАН КҮНДЕР БОЛДЫ.
Мектеп салқын, отын тапшы, көмір жоқ. Ер мұғалімдерді, көлігі бар ата-аналарды ұйымдастырып, жыңғыл шапқан уақыттар ұмытылмады. Сол кезеңдегі аудандық білім бөлімінің басшысы Сәбит Отызбаевтың еңбегін атап өтпесе болмайды. 20-ға тарта балабақша, орталықтағы ән-әуез, спорт мектебі, оқушылар үйі қысқартуға ұшырамай, жұмыс істеп тұрды.
Тәрбие отбасынан, табалдырықтан басталады десек, үйдегі ұл мен қызға бағыт-бағдар, тәрбие-тәлімді ата-анасы беру керек. Бұрынғы ата-аналарымыз қалай тәрбие берді? «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп қызына қырық үйден тыйым деп, сен бір бәлеге ұрынсаң ауыл-аймақ, ағайын алдында әкең мен шешеңнің беті күйетінін ұмытпа, деп қатаң ескертіп жататын.
Көбінесе ер балалар арасында бұзақылық, төбелес сабақтан тыс уақытта орын алатын. Көшеге бөлініп, мектептер арасында түн мезгілінде төбелескен жағдайлар болды. Бұны ата-ананың бақылауы мен қадағалауының жеткіліксіздігі деп есептеу керек. Кез келген қиындықты, ауыртпалықты жеңе отырып (күнделікті сабаққа даярлау), еліміздің тірегі жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар аянбай жұмыс жүргізді. Мектеп қабырғасында білім берумен қатар ұлттық тәлім-тәрбиеге баса назар аударылды.
Алғаш рет Мұхамедрахым Құрсабаевтың «Атамекен» тәлім-тәрбие ордасы бағдарламасы аясында 30 бағытпен жүйелі түрде жұмыс жүргізілді. Олар: «Салт-дәстүр», «Шежіре», «Жібек жолы», «Сөнбес жұлдыздар», «Толғау», «Асыл мұра», «Домбыра-дастан», «Наурыз», «Зергер», «Төрт түлік», «Көкпар», «Дулыға», «Қасиет», «Бабалар өсиеті», «Құсбегі», «Зерде», «Қыз бен жігіт», «Заман-ай», «Алыстағы бауырлар», «Бейнелер сыры», тағы басқа салалық тақырыптарды қамтыды. Бұл бағдарламаның имандылық, адамгершілік қасиеттерді жас жеткіншектердің бойына дарытуға, тәуелсіз елдің саналы азаматын даярлауға әсері мол болды.
Бағдарлама балалардың бойына ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты сіңіру, ұмытылған дәстүрлерді жаңартып, жаңғырту, болашақ жеткіншектерді ұқыптылыққа, қайырымдылыққа, мейірімді болуға тәрбиелеу, ата-баба мұра етіп қалдырған жерімізді қорғап, табиғатымызды аялап, шыншыл, ержүрек, әділетті ұлқыздарды тәрбиелеуді назарға алды. Ұлттық рухы, негізі әлсіз ел ешуақытта ұлттық мемлекет бола алмайды. Халық педагогикасының арқауы ауыз әдебиеті мен халықтың салтдәстүрі, ұлттық тәрбиенің негізі болып табылады. Болашақ ұрпаққа шынайы ұлттық тәрбие беру – идеологияның басты мақсаты болу керек деп есептеймін. Қазіргі уақытта үйдегі теледидар, смартфон, ғаламтордан көрсетіліп жатқан шетелдік көріністер, былапыт сөздер тасқыны оқушы жастардың ақыл-ойын билеп алғаны жасырын емес. Ғаламтор желісі бүкіл дүниеде не болып жатқанын хабардар ете алады. Үлкеннің де, кішінің де қолында ұялы телефон, не көрем десе де еркінде. Балаларына тәрбие беретін ата-ананың өзі жұмыста жүреді. Баласының не істеп, не көріп жүргенінен бейхабар көбі. Ертеңгі күні олардың ата-анасының айтқанын істемейтін, мектептегі ұстаздың тәлімін тыңдамайтын оқушы жастар шықпайтынына кім кепіл бола алады. Сондықтан, ата-ана, мектеп, сынып жетекшісі, қоғам, халық болып, ұйымдасқан жағдайда жоспарлы жұмыстар жүргізілуі қажет секілді.
Уахитбек СҰҢҒАТОВ,
ардагер ұстаз
21 ақпан 2023 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 282

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930