» » Ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Ұлтжандылыққа тәрбиелеу

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық балалар кітапханасының "COWORKINC" орталығында Қармақшы ауданының оқушылар үйінің "Бейнелеу өнері" үйірмесінің ұйымдастыруымен "Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Қазақтың ырым - тыйым, салт дәстүрін насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Үйірме мүшелері мен аудандық оқушылар үйінің ұстаздары Манасова Құралай, Аймаханова Марал және ата-ана Шарапова Қызғалдақ, балалар кітапханасының меңгерушісі Аманова Айнұр, кітапхана зейнеткері Боқтыбаев Ілиясбек қатысты. Тәрбие сағатында үйірме мүшелері 3 топқа бөлінді. Олар: "Ұлағат" тобы, "Парасат" тобы, "Ғибрат" тобы.
Тәрбие сағаты барысында «Салт дәстүрді білеміз бе?» айдарымен сұрақ жауап қойылды. «Ою-өрнек сәніміз» атты топтық жұмыс көрсетілді және «Ырым тыйым ұлағат көзі» атты карточкадан сөздер құрастырып мағынасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ашық тәрбие сағаты соңында зейнеткер ағамыз бата тілегін айтты.
09 желтоқсан 2022 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930