» » Алдын алған абзал

Алдын алған абзал

qarmaqshy-tany.kz Бала ана құрсағында пайда бoлғаннан бастап және дүние есігін ашқан кезде де даму үстiнде болады. Сондықтан ата-ана бала дүниеге келгеннен бастап оның ұсақ моторикасын және сөйлеу тiлiн дамыту барысындағы процестерге аса көңiл бөлген жөн. Айта кететiн болсақ, бiр жастағы баланың ұсақ моторикасы төмендегiдей даму керек. 3-4 дөңгелектен тұратын пирамиданы кигiзiп үйрету, 3-4 кубиктен тұратын пирамидадан мұнара тұрғызу, алыс жатқан ойыншықтарды ұмтылып алу, қою тамақты қасықпен жоғары көтерiп ауызына апарып iшуге дағдыландыру, банкiнiң немесе құты қақпағын ашу және тағы басқасы.

Ал, сөйлеудi түсiнуi мен сөздiк қоры төмендегiдей белгiлердi қамтуы керек. Өзiнiң дене мүшелерiн көрсете бiлуге үйрету. Екi қолымен алақанын шапалақтау, суретке көз тоқтатып қарау, нұсқаулық бойынша iс-әрекеттi жасауға үйрету (көзiңдi жұм, қолыңды бер). Кем дегенде жиырма сөзден бiлу керек. «Бер», «ал» деген сөздердi түсiне бiлуі тиіс. Екi жастағы баланың ұсақ моторикасы төмендегiдей даму керек: моншақтарды тiзбектеу, 3-4 пiшiннен бiр затты құрастыру, екi қолымен 5-6 кубиктен мұнара тұрғызу, оң және сол қолымен ұсақ заттарды қорапқа салу, қарындашпен шимайлау, кiтаптың бетiн парақтай бiлу.
Сөздiк қорында 2-3 сөзден сөйлем құрау, гүл, шөп, ағашты айырып көрсету, дымқыл (сулы, ылғал), құрғақты киiмдердi, аяқ киiмдердi, ойыншықтарды ажыратып, «сенiң атың кiм?» деген сұраққа жауап беріп айналасындағы таныс адамдардың есiмiн бiлуі қажет. Үш жастағы баланың ұсақ моторикасы төмендегiдей даму керек: қосу мен дөңгелектi көшiрiп салу, адамның денесiн сала бiлу, ермексаздан дөңгелектер салу, бас бармағын басқа саусақтармен қосу, өзiнiң iлгектерiн тағу.
Сөздiк қорына келсек, айналасындағы заттардың, жемiс-жидектiң, көкөнiстердiң атын атау. Өзi пайдаланып жүрген ыдыс-аяқтың, киiмкешектердiң атын, бөлшектерiн атай бiліп, жабайы және үй жануарларын ажырата бiлуі тиіс. Заттарды бiр сөзбен атау. Түстердi ажырата бiлу (қызыл, сары, жасыл, ақ). Үлкен және кiшкентай көлемдi заттарды бiлу. Төрт жастағы баланың ұсақ моторикасы төмендегiдей даму керек. Үш саусақпен қарындаш ұстау. Сеген тақтасын құрастыру. Ұялы телефон нүктелерiн басу. Дөңгелек, төрт бұрыштарды бастыру. Қайшымен жұмыстану. Қағазды тiгiнен, көлденеңнен бүктеу.
Сөздiк қорында 5-ке дейін санай бiлу керек. «Бұл не, кiм? Не iстеп жатыр?» сұрағына жауап беру қажет. Астында, үстiнде, жанында сөздердiң мағынасын түсiну. Дыбыстарды анық айту. Сериялық ертегiлердi айта бiлу. Бес жастағы бала үй және баспалдақ жасау. Үш бұрышты салу. Таспа әрiптердi жаза бiлу. Бәтеңкенің бауын өткiзiп, байлау. Қарындашты ұштау. Суреттердi қиып жапсыру. Мазмұнды суреттер бойынша әңгiмелеу. 5-6 сөзден тұратын сөйлем құрау. 2000 сөз бiліп, дыбыстардың барлығын анық айтып, мамандықтар туралы қойылған сұрақтарға толық жауап беру қажет.
Қорыта айтқанда, мектепке дейiнгi жастағы балаларда сөйлеудi қалыптастыруда жоғарыда айтылған кеңестiң барлығын ата-ана топ тәрбиешiлерi мен педагогтары ескере отырып қараса және логопед маманмен бiрлесе отырып жұмыс жасаса, нұр үстiне нұр. Сондықтан баланың дыбыс айту кемшiлiгi ерте жастан және нәтижелi түзетiлсе, мектеп кезеңiндегi оқу және жазу қабiлетiн меңгеруiнде қиындықтар болмайды.
Калида ШЫНТАЕВА,
№85 орта мектептің логопед маманы
20 ақпан 2023 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 352

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 433

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930