» » Ерлікке тағзым – ұрпақ парызы

Ерлікке тағзым – ұрпақ парызы

qarmaqshy-tany.kz КЕҢЕС ОДАҒЫ ТҰСЫНДА ТАРИХ БЕТІНЕ ҚАСІРЕТІМЕН ҚАРА БЕЛГІ БОЛЫП ҚАЛҒАН СОҒЫСТЫҢ БІРІ – ОЛ АУҒАН СОҒЫСЫ. ӨМІР МЕН ӨЛІМНІҢ ОРТАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН САН МЫҢДАҒАН ЖАС ӨРКЕННІҢ ТАҒДЫРЫНА КӨП ӨЗГЕРІС ӘКЕЛГЕН ДЕ ОСЫ СҰРАПЫЛ СОҒЫС. БИЫЛ – КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 34 ЖЫЛ. АЙТУҒА ОҢАЙ, СҰРАПЫЛ ЗОБАЛАҢ, ҚАНШАМА ТАҒДЫРДЫ ЖАЛМАДЫ.
Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 мыңнан астам жауынгер өздерінің интернационалдық міндетін атқарды. 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО Қарулы күштері Ауған еліне кіргізілген-ді. Бұл қасірет тек осы елдің ішінде ғана емес, сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес Одағының әскері ауған жерінен шығарылды.
Ерлік жолында қаза тапқандарды еске алып, құрмет көрсету — келешек ұрпақтың парызы. Атаулы датада қармақшылықтар жылдағы үрдіспен аудан орталығындағы «Жастар» саябағында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Ауған соғысында қаза тапқан батырларға арнап Құран бағышталды. Жиында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев сөз сөйлеп, батырлардың ерлігін тілге тиек етті.
– Сынаптай сырғып уақыт өтсе де тарих бетінен ауған соғысының отты жылдары ешқашан өшпейді. Елімізден бұл соғысқа қаншама қандас бауырларымыз аттанса, оның ішінде елге орала алмай қаза тапқандары бар. Ал соғыстан аман қайтқан сарбаз ағаларымыздың ерлігі бүгінде жас ұрпаққа үлгі, өнеге. Сіздер Отан алдындағы борыштарыңызды Ауған елінде бітімгершілікпен адал атқардыңыздар. Ерліктеріңіз ел үшін қастерлі ұғым мен өшпес құндылыққа айналды. Болашақ жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеуде тынбай еңбек етіп, жол көрсетіп жүре беріңіздер. Мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді ол.
Аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Қаршыға Есдәулетов отты жылдың жарасы әлі күнге жазыла қоймағанын, келешек ұрпақтың енді қайтып соғысты көрмеуін тілесе, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Уәлихан Балманов ауған соғысының ардагерлерін марапаттап, бөлім басшысының алғыс хатын тапсырды.
Іс-шарадан соң аудан әкімі Жандос Еркінбек ауған соғысының ардагерлерін қабылдады. Кездесуде батыр ағалардың жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуде белсене атсалысып жүргенін атап өтіп, ардагерлерге әрдайым құрмет көрсетіле беретіндігін жеткізді. Сонымен қатар, бірқатар жауынгер ардагерлерге алғыс хат және сол соғыста қаза болған жауынгерлердің отбасына естелік сыйлықтар табыстады. Жиында Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов өздерінің жылы лебіздерін білдірсе, аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Асқар Ерманов аудан басшысына ризашылығын айтты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
18 ақпан 2023 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 791

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 836

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031