» » “Бүгін менің туған күнім…”

“Бүгін менің туған күнім…”

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің “№121 орта мектебінде” қазақ поэзиясының “Хан Тәңірі”, қасиетті қара өлеңнің “Құлагері”, ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өміртаева Айжанның жетекшілігімен 8 “Б” сыныбында “Бүгін менің туған күнім…” атты сыныптан тыс жұмысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты М.Мақатаев өмірімен таныстыра отырып, ақиық ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, өлең жырларының мазмұнын ашып, оларды жан-жақты ұғынуына әсер ету, адамгершілікке тәрбиелеу, оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сыныптан тыс жұмыс барысында оқушылар түрлі әдістермен топтарға бөлініп, ақын өмірімен, шығармашылығымен байланысты жұмыстарды белсене атқарды. Алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша оқшылар зерттеу жұмыстарына талдау жасап, мәнерлеп оқу тыңдалды, әсем ән де шырқалды. Сыныптан тыс жұмыс өз мақсатына жетіп, шараға қатысушылар өздерінің ой-пікірлерін білдірді.
13 ақпан 2023 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930