» » Семинар - тренинг болып өтті

Семинар - тренинг болып өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін С.Есқараев Атындағы Орта Мектебінде жоғары сыныптар арасында аудандық емхана, ЖДО, СӨСҚ мамандары, Ә.Кетебаева, Д.Құлмырзаева, М.Бекова, АПб-ң ювеналды полиция майоры Г.Исмайлова, ӘЗЗҚ тобының жетекшісі, капитан А.Касимова, Қармақшы Ауданының Білім Бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықовалардың қатысуымен семинар-тренинг болып өтті.
Басты тақырыптар: отбасылық құндылықтар, ата-ана мен бала арасындағы байланыс, жасөспірімдердің психикалық денсаулығы, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, интернетке тәуелділікті болдырмау, жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздіктің, әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың жолын кесу және зиянды әдеттерден бойды сақтап, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау болды.
Сала мамандары барынша оқушыларға түсінікті түрде мысалдармен келтіре отырып түсіндірме жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. Кері байланыс орнап, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Білімді де жауапкершілікті жастар мәңгілік еліміздің тірегі.
Салауатты болу - сау денсаулық кепілі.
07 ақпан 2023 ж. 731 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930