» » Мақсаты – сапалы қызмет ету

Мақсаты – сапалы қызмет ету

qarmaqshy-tany.kz ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САХНАСЫНЫҢ ТӨРІНЕ ШЫҒЫП, ЖЫЛ ҮЗДІГІ РЕТІНДЕ САЛТАНАТПЕН МАРАПАТТАЛҒАННЫҢ БІРІ – МЕЙРАМБЕК ДӘРМЕНОВ.

Бала күнінен еңбекпен шынығып өскен Мейрамбектің ата-анадан алған тәрбиесі мол. Еңбек адамдарының отбасында өсіп-өнген кейіпкеріміздің өмірдегі ұстанатын басты қағидасы да осы – еңбекқорлық. Ол осы еңбекке деген ынта-ықыласының арқасында бас инженер деңгейіне көтерілген. Білім мен білігін аудандық электр торабы мекемесінде жетілдірген кейіпкеріміздің еңбек жолына аз-кем тоқталып өтсек.
М.Шакимұранұлы 1980 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң механикалық зауытта слесарьдың көмекшісі болып еңбек жолын бастаған. Мұнан кейін сала маманы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамында, Байқоңырэнерго ұжымында еңбек етсе, одан соң аудандық электр торабы мекемесінің No1 тарату торабында электромонтер болып істейді. Бір айтарлығы, Мейрамбек ініміздің "Дарақ бір жерде көктейді" дегендей, осы энергетика саласында еңбек етіп келе жатқанына он сегіз жылдың жүзі болыпты. Адам өміріне қауіпті келетін бұл мамандықтың сыры мен қырын толық білмеген жан тұрақтап істей алмайды. Білекпен бірге, жүректе керек-ақ. Жігіт кезінен бастаған жұмысынан нәтиже шығара білген білікті маман мекемеде жұмыс жүргізуші, кезекші оператор, инженер сынды сатылардан өтіп, абыроймен келеді. Еңбекке білім қосылса, мұнан да нәтижелі болатынын жақсы түсінген ол жұмыстан қол үзбей жүріп, Байқоңырдағы электрорадиотехникалық техникумын да бітіріп алады.
Кейде маман тапшылығы сезіліп жатады. Сондайда "мен инженер едім" деп, өзін жоғары санамай, мекемедегі No1 тарату торабының шебері болып та жұмыс істеген кезі бар. Жұмыстың өнімділігін негізге алатын инженердің бұл да болса, қарапайымдылық қасиеті деп ойлаймыз. Өндірістік-техникалық қызметке ауысқан шағында да ол басшылықтың сенімінен шыға білгені – сөзіміздің дәлелі.
М.Дәрменов 2018 жылдан бастап мекеме бастығының есепке алу жөніндегі орынбасары қызметін атқарса, 2020 жылдан қазірге дейін бас инженерлік қызметінде.
– Аудан көлеміндегі барлық электр торабы бойынша жүргізілетін күрделі және ағымдағы, жоспарлы жұмыстарды іске асырумен, тал кесу, сым тарту, тазалығын қадағалау, тағы басқа да шаруалармен айналысамыз. Шеберлерге атқаратын жұмыстарын бөліп беріп, оның тиянақты істелуін бақылауға аламын. Міндетті түрде бізде жылдық жоспар жасалынады. Онда мекеме басшысы, шеберлермен ақылдаса отырып, алда қандай жұмыстар істейтінімізді алдын ала жоспарлаймыз. Былтырдан бері аудандық әкімдік пен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп жұмыс жүргізудеміз. Қазір 4 ауылдың, атап айтқанда Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Ақтөбе, Иіркөл ауылдарының 10 және 0,4 кв әуе желілері мен 10/0,4 кв қосалқы стансаларын жаңартуға схема сызылып даярланып қойылды. Оған бүгінде қаражат бөлінген. Алдашбай ахун, Ақжар, ІІІ Интернационал, Абыла стансасының жобалау сметалық құжаттары дайындалу үстінде. Дүр Оңғар, Тұрмағамбет ауылдары демеушілер есебінен іске асырылуда. Жаңғырту жұмыстарына жоғарыдан қаржы бөлініп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұдан бөлек, өзімізде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оған облыстық электр торабы мекемесінен қаражат бөлінеді, – дейді бас инженер.
Оның әрбір сөзінен елге, халыққа деген жанашырлық байқалады. "Қазір ауданда көгілдір газға қосылған тұрғындар саны едәуір. Былайша айтқанда, электр жарығына көп тәуелділік бар. Сол себепті де тұрғындардың көңілінен шығу мақсатында қолымыздан келгенімізді аяп қалмаймыз. Барынша сапалы қызмет етуге тырысамыз, – дейді ол сөзін қорыта келе.
Мейрамбек Дәрменов ұзақ жылғы еңбек жолында облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
С.АҚКІСІ
07 ақпан 2023 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 356

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 437

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930