» » 60 жыл бірге

60 жыл бірге

qarmaqshy-tany.kz Бірде әжім басқан бетін білеуленіп тарамыс тартқан қолымен бетін сипап отырған әжесінен немересі: «Әже сіз сондай қартайып кеткенсіз. Бетіңіздегі терең қатпарлы әжімдерге қараңызшы. Қанша майласаңыз да жазылмайтын шығар» депті. Сонда қария: «Айналайын, ақ ботам, бұл әжім әжеңнің бір ғұмыры. Мен осылай туыла салды деймісің? Мен де сендей бала болғанмын. Сұлу бойжеткен болғанмын. Талай жігіттің жүрегіне от тастаған сымбатым да болған» десе, әжесінің сөзін зер салып тыңдап отырған немересі: «Сонда сіз де бала болғансыз ба?» деп таңырқай қараған ғой. Сол секілді жас ұрпақ ойлағандай, ата-әжелеріміз кәрі боп туыла салған жоқ. Олардың да балалық, жастық шағы болды. Жігіттік-бойжеткен кездері болды. Ал енді біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз ұрпақ өрбітіп, бақыт кілтін отбасынан тапқан жандар. Жұбы жарасқан ерлі-зайыптылардың жастармен бөлісер қандай сыры бар екен?
Бір қарағанда 60 жыл бір адамның өмірі іспетті. Иә, Сәметовтер отбасының алып бәйтерегі, асқар тауы Тұрабай көкеміз бен осы әулеттің отанасы Тыныштық Аманбалаеваның түтін түтеткендеріне де асқаралы алпыс жыл болады екен. 4 ұл, 4 қызды дүниеге әкелген салиқалы отбасында әке мен ананың орны қашан да биік. 1964 жылы шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылар жанұя жарасымын айналасына паш етіп келеді. Бүгінде отағасы 88 жасқа таяса, отанасы сексеннің сеңгірінен асқан.
– Қазақтың салтымен жанұя құрдық. Ұнатпаса адам үйленбейді ғой. Көкелерің ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген азамат. Бригадир, механик, техникалық көлік жөндеу орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Мен ауылда поштада газет тасымалдаушы болдым. Ерім сырттың жұмысымен жүретіндіктен көбінесе бала тәрбиесімен өзім айналыстым. Балалардың сегізі де мектепте жақсы оқыды. Тұрекең зейнетке шыққасын Ақжар ауылдық ардагерлер кеңесінде ұзақ жылдар төрағалық етті. Елдің ішіндегі түйіткілді мәселелердің шешімін табуына атсалысты. Сексенге келгенше осы жұмысты абыроймен істей білді, – дейді Тыныштық анамыз еріне деген сыйластығын білдіріп.
Көпбалалы отбасының балалары да сайдың тасындай өз істеріне мығым. Өмірден орындарын тапқан. Оның ішінде ата-анаға деген құрмет- қошеметінде шек жоқ. 20 немере мен 24 шөбере өсіп-өнген бақытты шаңырақта бірлік пен береке басты ұстанымы.
– Әкеміз талапшыл, қатал адам. Жалпы ер адамға қатал мінез де керек. Біз сол әкеміздің бер- ген тәрбиесінің арқасында дұрыс жолмен жүріп, адалдықпен өстік. Жастайымыздан еңбекке, бір-бірімізге қамқор болуға баулыды. Өзі уақытында техникум бітірген адам. Мамандығы – механик. Өте білімді. Ауылда елдің бәрі құрметтеп, төрден орын береді. Ұл-қыздарының да білімді болуларына септігін тигізді. Ата-анамыздың ұрысқан, балағаттаған кезін көрген емеспіз. Жалпы нағашымызда осал емес. Елге белгілі өсіп-өнген Мұнарбаевтар отбасы, – дейді Асқар Тұрабайұлы әкешешеге деген құрметпен.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
04 ақпан 2023 ж. 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 356

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 437

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930