» » ӘДЕПТІЛІК тақырыбында өткен кеш

ӘДЕПТІЛІК тақырыбында өткен кеш

qarmaqshy-tany.kz Бүгін ІІІ Интернационал ауылдық кітапхананың Коворкинг орталығында балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін дарыту. "Әдеп", "әдептілік" туралы түсініктерін кеңейту, үлкенді сыйлауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында кеш болып өтті.
Кітапханашы Р.Тұрманова "Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі. Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. Ұлық болсаң-кішік бол, кішіпейілділік-кішілік емес кісілік-деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді"- деп әдептілік туралы түсініктеме беріп, кіріспе сөзбен сөз сөйлеп ашты.
Кеш тақырыпқа сай әдемі өрбіді десек те болады. Оқырмандар көшеде, мектепте т.б. көпшілік орындарда қалай жүру керек?, дастарқан басында әдептілікті сақтаймыз ба?, қандай ырым-тиым сөздер білесіңдер? жалпы "Әдептілік"деген сөзді қалай түсінесіңдер?, Оған қандай қасиеттерді жатқызамыз? деген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ өздерінің ойларын ортаға салып, не істеуге болмайды?, не істеу керек? жағымды-жағымсыз жақтарын айтты.
Сонымен қатар "Әдептілік", "әдемілік" туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты.

25 қаңтар 2023 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031