» » «Ашық есік» күні өтті

«Ашық есік» күні өтті

ЖОСАЛЫ, 23 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz  «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалына қарасты «Қараөзек» бастауыш партия ұйымында «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік» күні №27 орта мектептің 4 «А» және 4 «Б» сынып оқушыларының арасында «Біз бір үйдің баласымыз» тақырыбында сыныптан тыс жұмысы жүргізілді. Жұмыстың мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және адам бойындағы – ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Одан кейін №27 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нақыпова Шара Мейірханқызының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желі және отбасы» тақырыбында оқушылар мен ата-аналардың арасында пікірсайыс ұйымдастырылды. 
Пікірсайысқа «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Буханов Дастан Әбдібекұлы және «Қараөзек» бастауыш партия ұйымының төрайымы, №27 орта мектебінің директоры Жарасова Ақмарал Дәуренбекқызы қатысты. Пікірсайыс барысында балалардың интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс-әрекеті талқыланды. 
Сондай-ақ, интернет желісі несімен тиімді немесе тиімсіз? – деген сұрақтар оқушылардың және ата-аналардың ойын жалғастыру мақсатында бейне жазба арқылы «Қауіпсіз интернет» жайлы ақпараттар толық дәйектелді. Сонымен қатар, оқушылар тақырыпты толық түсініп, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып, кері байланыс жасалынды.
23 қаңтар 2020 ж. 1 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728