» » Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы болып өтті

Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы болып өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық білім бөлімінің "№28 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 қаңтар күні жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналарды "Жас ұлан" ұйымының мүшелері ұстаз, ата-ана, оқушы тақырыбындағы әдеби-монтажбен қарсы алса, 7-8 сынып оқушыларынан құралған домбырашы қыздар әдемі әуенмен шашу шашты.
Мектеп директоры А.Ж.Оспанов ата-аналарды жаңадан жабдықталған оқу кабинеттерімен, Coworking бөлмесімен таныстырды. "Жасыл мектеп" жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды 7 "а" сынып оқушысы Абсаттарқызы Мәдина баяндады. Мектеп психологы А.Айтмаханова ата-аналарға психологиялық тренинг ұйымдастырып, бала мен ата-ана қарым-қатынасы қай деңгейде екенін көрсете алды.
Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысында қаралатын мәселермен таныстыра келе, мектеп директоры А.Оспанов бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды қолдана отырып, тәрбиелі де білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында ұйымшылдыққа шақырды.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Арықбаева ата-аналарды ІІ оқу тоқсанының қорытындысымен таныстырып, жоғары сынып оқушыларының білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды бірлесе атқаруды ұсынды.
Қармақшы ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Б.Ибраев кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Мектеп театры" жобасы аясында мектеп оқушылары дайындаған отбасылық жылулық, мейірім мен кеңпейілділікке үндейтін сахналық қойылым ата-аналардың көңілдерінен шығып, оқушылардың әртістік шеберліктеріне зор қошемет көрсетілді.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тоқтамысов ата-аналарға бала тәрбиесінде мұқият болуды, мектептегі қоғамдық шараларға, үйірме жұмыстары мен қосымша сабақтарға қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысының ІІ кезеңінде ата-аналар мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен жеке-жеке жолығып, өз балаларының сабақ үлгерімі мен тәртібі, т.б мәселелер жөнінде сұрақ-жауап алмасты, сонымен қатар тиісті сала мамандарынан кеңес алды.
23 қаңтар 2023 ж. 1 007 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930