» » Бала тәрбиесі – жауапты іс

Бала тәрбиесі – жауапты іс

qarmaqshy-tany.kz Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала тәрбиесі – өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Бала мектепте 6,7 сағат болса, 18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, араласатын жолдастарын біліп, қадағалау жасап, мұғалімімен тікелей байланыс жасап, сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.
Қоғам отбасынан тұрады. Ал, отбасы ата-анамен баладан тұрады. Әрбір бала біздің болашағымыз. Баланың тәртібіне, тәрбиесіне ең бірінші жауапты ата-ана, одан кейін қоғам. Бала мектептен білім алса, ата-анасынан адамгершілікті, қарапайымдылықты, ұқыптылықты, тәрбиелілікті көріп өседі. Баланың беймезгіл түнгі уақыттағы жүрісін болдырмау қажет. Түнгі уақытта беймезгіл жүрген жасөспірім қылмыстың құрбаны болып қалуы әбден мүмкін. Баланың мінезіне, жүріс-тұрысына, араласатын ортасына ата-ана мейлінше мән беріп, күнделікті баласының немен айналысатынына бақылау жасауы тиіс. Қазіргі заманауи өзгерістер, ғаламтор кеңістігі бала психологиясына әсер етпей қоймайды. Әлеуметтік желінің құлағында ойнайтын заман болды деп айтсақ, қателеспейміз. Сондықтанда бірауық баламыздың интернет желісінде не көретінін, немен шұғылданатынына да мән беруіміз керек және бұл жөнінде балаға ұрыспай, досындай сырласып, әңгімелесіп жүзеге асыру қажет-ақ. Кәмелетке толмағандар тарапынан кездесетін құқық бұзушылықтардың дені – олардың заңды білмеулерінен болып жатады. Бұл тұрғыдан мектеп оқушылары арасында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
20.01.2023 жылы Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округінің №28 орта мектебінде ата-аналар жиналысы өткізіліп, Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ибраев Бегімжан Сағындықұлымен осы тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл жиналыстың өзгешілігі мектеп тарапынан жаңа форматта ұйымдастырылып жүргізілді. Тиісті сала мамандарын жиналып, ата-аналар тарапынан қандай да бір сұрақтар қойылса, сала мамандарымен сол жерде жауаптары беріліп отырды.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

21 қаңтар 2023 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 271
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031