» » Баланы ұрып тәрбиелеу дұрыс па?

Баланы ұрып тәрбиелеу дұрыс па?

Бала тәрбиесі – жауапты іс. Өкінішке қарай, ата-аналардың басым көпшілігі зорлық-зомбылықты тәртіпке салумен шатастырып жатады. ЮНИСЕФ дерегінше, елімізде ересектердің 75-пайызы отбасындағы балалардың жүріс-тұрысын бақылау үшін дене жазалауын құптаса, ал ата-аналардың 67-пайызы балаларды тәрбиелеуде зорлық-зомбылық түрлерін қолданады.

«Сабау» балаға сабақ бола алмайды. Былайша айтқанда, сана болмаса, ұрғаннан пайда жоқ. Өзініздің және перзентіңіздің жүйке жүйесін бұзбай, мән-жайды сөзбен түсіндіруді үйрену керек. Есіңізде болсын, таяқ жеп өскен бала жұмсақ мінезді болмайды. Сіз өз іс-әрекетіңіз арқылы оның мінез-құлқынын бұзылуына себепкер боласыз. Ол алдағы уақытта өз ойын айта алмайтын, жасқаншақ болып өседі.
Күшке салу баланы жасытады. Психолог мамандардың айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылық түрлері баланың психикасына кері әсерін тигізіп, балалар тарапынан да, балаларға қатысты да жасалатын ауыр қылмыстарға соқтыруы мүмкін. Олардың ішінде «педофилия», «балалар арасындағы өзіне-өзі қол салу» да деректері аз еместігі анық.
Кәмелет жасына келмегендердің құқығын қорғайтын «Баланың құқықтары туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» заңдар, «Неке және отбасы туралы» кодекстерінде көрсетілген. Бала да, оған көрсетілген зорлық-зомбылық куәсі болған басқа біреу де кез келген құқық қорғау органдарымызға, полицияға (102 арнасы), прокуратураға, балалардың құқығын қорғайтын уйкілетті өкілдеріне қоңырау шала алады. Олар міндетті түрде шара қолдануы тиіс. Бірақ қазір балалардың көбі қайда хабарласарын білмейді, сол үшін ауданның барлық мектептерінде сала мамандарын тарта отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызды емес, ең алдымен өздеріңізді тәрбиелеңіздер. Сіздер оларға тек «үлгі» болу арқылы тәлім бере аласыздар.

Қармақшы АПб-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

21 қазан 2021 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031