» » «Алтын белгіге» үміткер оқушылармен кездесті

«Алтын белгіге» үміткер оқушылармен кездесті

qarmaqshy-tany.kz АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ГҮЛЗИРА АБДАЗИЕВА Ү.ТОМАНОВ АТЫНДАҒЫ No183 ОРТА МЕКТЕПТЕ «ЕЛ БОЛАШАҒЫ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАН МЕКТЕПТЕРІ БОЙЫНША «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ҮМІТКЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.
Кездесу алдында аудан мектептерінен жиналған үздіктерге өз-өздерін сергіту, бірін-бірі танып білу мақсатында психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
Білім бөлімінің басшысы биылғы «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру заңдылықтары, оны қорғаудағы басты ерекшеліктер, үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерге мамандық таңдаудың маңыздылығы жайында түсіндірме жүргізіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ойын ортаға салды.
Сондай-ақ, мектеп бітіруші түлектер бас ұстазға көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Пікірлерін білдіріп, алғыстарын да жеткізді.
"Қт" ақпарат
17 қаңтар 2023 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031